Құқық қорғау органдары

Қоршауды сындырып кеткен бұзақылар ұсталды

 

 

 

Сол күні көшедегі тәртіпсіздікті Жамбыл көшесімен өтіп бара жатқан көлік жүргізушісі кездейсоқ байқап қалып, 102 телефонына қоңырау шалған. Оқиға орнына жеткен жедел тергеу тобы 13 жасар екі бұзақыны  ұстап, қалалық  ішкі істер басқармасына  жеткізді. Күдіктілердің айтуларынша,  олар  кешкі сағат 21:30 шамасында көше бойымен қыдырып жүріпті. Жолдағы қоршаудың оларға қандай кедергі жасағанын тіпті айтып түсіндіре алмады. Балаларының жасаған қылмысын олардың ата-аналары да мойындады.

 Күдіктінің анасы:

-Мен өз балам үшін жауап беремін, енді ол мұндай әрекетке ешқашан бармайтын болады.

  Сайран Сәркенов,  Петропавл қалалық ІІБ КЖТІЖБ бастығы:

– Аталған факті бойынша тексеріс жүргізіліп, келтірілген шығын мөлшері анықталуда. Жасөспірімдер тіркеуге алынып, ата-аналарына бұзақылық фактісі бойынша 330-шы  бапқа сәйкес әкімшілік хаттама толтырылатын болады.

  

Кәусар Аяпбергенқызы