Мәдениет

Қазақ-түрік лицейіндегі тілдер фестивалі

  

 

 

 

Лицейге кірген беттен Қазақстанның ең көпұлтты бұрышына енгендей әсер пайда болады. Татарлардың тәтті тоқашының иісі мұрынды жарса, сахнада қазақтың үш биі өнеге айтып тұр, олардан соң орыстың частушкасы залды жаңғыртты. Лицей шәкірттері қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерін қатар үйренеді. Ал сабақтың 70% мұнда ағылшын тілінде өтеді. Сондықтан тілдер фестивалі аясында әр күн әр халық пен оның тіліне арналды.

  Ахмет Гази Чолак,  қазақ-түрік лицейінің директоры:
-Оқу процесінде тілді үйретуде әлемдік деңгейде озық әдіс-тәсілдер қолданылады. Қазақстанның әр азаматы қазақ тілін білуі тиіс деп ойлаймын. Мемлекетте халықтарды біріктіретін – тіл.

Биыл 3-ші жыл қатарынан ұйымдастырылып жатқан мерекені балалар өз ізденістерінің арқасында көңілді өткізді. Ұлттық тағамдарды өздері пісіріп, стендтерді  безендірді.

  Нұрсұлтан Нұрмашев, 11сынып оқушысы:
-Біздің сыныптың тақырыбы Ұлыбритания болды. Біз киім іздедік, стенд дайындадық. Меніңше  болашағы мықты ел деп ойлаймын. Қазір «Болашақ» бағдарламасымен көбі сонда түсуге тырысады.

Фестивальдің жабылуында оқушылардың еңбектері бағаланып, әр сынып марапатталатын болады.

 Кәусар Аяпбергенқызы