Құқық қорғау органдары

Жеткіншектердің құқықтық сауатын ашуға бағытталған рейд

 

 

 

 Лаврентьевтер отбасында кәмелеттік жасқа толмаған 3 жасөспірім бар. Ата-анасы маскүнем болғандықтан балаларының тәрбиесі мүлде назардан тыс қалған. Тұрғын үй  де санитарлық талаптарға сәйкес келмейді. Жұмыссыз ана мүшкіл жағдайына қарамастан “барлығы жақсы” деп айтудан танбады.   Қала бойынша тұрмысы төмен отбасында тәрбиеленетін 5000-ға жуық жасөспірім тіркелген. Түрлі қылмысқа баратындар да солар. Полицейлер мен балалар құқығын қорғау департаментінің мамандары акция кезінде жеткіншектер  арасындағы қылмысты азайтуға бағытталған жұмыс жүргізіп, олардың заң саласындағы сауаттарын ашады.

 Андрей Миняев,  кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер ісі жөніндегі бөлім инспекторы:
 – Мақсатымыз – балаларға олардың құқықтары мен міндеттерін айту. Алдағы уақытта қылмыстық іске бармас үшін, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік жөнінде ақпарат беру.

  Осындай шаралар аясында оқушылар Қазақстан Республикасының заңына енгізілген өзгерістерден мол мағлұмат алды.

Жасөспірімдер:

-Мұндай  шараның пайдасы зор. Себебі әр жасөспірім өз құқықтары мен міндеттерін білуі тиіс. Бұл өмірде заңды және әкімшілік жауапкершілікті білу маңызды.

-Бұл акциядан кейін бұрын тәртіпсіздік жасағандар ойланып, дұрыс жолға түсетініне сенімдімін.

  «Полиция және мектеп»  акциясы аясында білім беру мекемелерінде дәріс оқып, дөңгелек үстелдер өткізу жоспарланған.