Салық департаменті ескертеді

Әр түрлі

16:49 20 Қыркүйек 2010

 
 

 
Облыс орталығында бір реттік талон бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлердің қатары қалың. Олардың дені базарда сауда жасайды.  Кірісін санап жүрген кәсіпкерлер көбіне салықтарын уақтылы төлеуді ұмытып, кешіктіріп жатады. Сондықтан мамандар бір реттік талон негізінде арнаулы салық төлеу тәртібін қолданатын жеке кәсіпкерлерге салық есептерін  тапсыру қажеттігін еске салады.

 Жібек Крюкова, СҚО бойынша салық департаменті басқармасының бас маманы:
– 200 формадағы салық есебінде жеке кәсіпкерлер өз табысын, зейнетақы және әлеуметтік  аударымдарын  көрсетеді. 210-шы формада шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ тұлғалар бойынша есеп береді.

Егер салық кодексінде бекітілген ережелер ескерілмейтін болса, айыппұл екі есеге артады. Аталған сома өтеліп болғанға дейін жеке ісін дөңгелетіп жүрген кәсіпкерге салық төлеуді растайтын құжат  берілмейді.

Жібек Крюкова, СҚО бойынша салық департаменті басқармасының бас маманы:
-Бір жолғы талонды пайдаланатын кәсіпкерлер төлемді ай сайын төлеп отырулары керек. Төлемеген жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне сай 42390 теңге айыппұл салынады.

Бұл талаптар бойынша толық ақпаратты “салық СКО KZ” сайтынан білуге болады.

Жеңіс Ермұқанов

Бұдан әрі оқыңыз

Қазақстандықтар желтоқсанда 12 күн демалады
Қалада тағы бір “Шығыс кілемдер” салоны ашылды