Мәдениет

Облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығында ашық есік күні өтті

 

Облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығында  41 үйірме жұмыс істейді.  Педагогтар бүгінгі таңда мұнда 600-ден астам жеткіншекке  көркем-эстетикалық, спорттық, қолданбалы қолөнер, техникалық және әлеуметтік-педагогикалық бағыттар бойынша қосымша білім береді. Ашық есік күні олар қала тұрғындары алдында өнер көрсетті. Бірінші болып сахнаға “Қуанамын” халық биі студиясы көтерілді. “Түркістан” биі көрермендер көңілін бірден баурап алды.  22 жыл бойы тамаша өнер көрсетіп жүрген “Қуанамынның” бишілері өңіріміздің мәдени іс-шараларынан  қалыс қалған емес. Студия ашылғалы талмай еңбек етіп келе жатқан  ұстаз Алина Ушакова талай шығармашылық табысқа жеткендерін айтады.

  Алина Ушакова,  «Қуанамын» халық биі студиясының жетекшісі:
 – Біздің студияға 3 пен 18 жас аралығындағы бүлдіршіндер мен жастар келе алады. Кішкентайлар үшін біз хореографиялық ойындар ұйымдастырамыз, ал үлкендерге классикалық, ұлттық нақыштағы билерді, гимнастиканы үйретеміз. “Қуанамын” түрлі халықаралық байқаулар мен фестивальдальдардың лауреаты. Біз Ресей, Түркия, Сербия, Эстония, Франция елдерінде болып, өнерімізді көрсеттік. Менің студиямда 200-ге жуық тәрбиеленуші бар.

Ұлттық билерді жаттап, мәдени мұраны жалғастырып жүрген балдырғандар  бидің берер пайдасы көп дейді.

Балалар:
 -Маған өзіме “Қуанамын” ұнайды. Мен 4 жыл билеп жүрмін.
 -Маған ұнайды, өйткені көптеген билерді билейміз.

Концерттік кештен кейін қалалықтар «Орталықтың бүгіні» атты көрмені тамашалады. Онда қонақтар әр ошақтың жетістіктерімен танысты.

  Жәмила Құжұмбаева,  облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы  әдістемелік кабинетінің меңгерушісі:
-Бір күннің ішінде ата-аналар мен балалар өнер ошағының жұмысын көріп, шығармашылық орталықтың әр саласымен танысты. Енді олар біздің   педагогтардың пайдалы кеңестерін тыңдай алады.

Ата-аналар   жастардың өнермен әуестенуін қолдау керек деген ойда.

 
Дәметкен Мәметова:

-Балаларға берері көп. Өйткені мұнда келетін балалар   оқуларын жақсы оқиды, дене қимылдарына, денсаулығына әсер етеді.

Гүлден Сәрсенбаева