Білім

Жаңа ғасыр педагогикасы туралы дәріс

 “Шексіз білім беру” қазіргі заманғы педагогика орталығы Жер шарындағы білім ошақтарына 21-інші ғасыр педагогикасының жаңа жүйесін енгізуді ұсынады. Профессор, педагогика ғылымдарының докторы, ғылыми-оқыту мекемесінің  директоры Георгий Рудиктің дәрісін облыс білім саласының жетекшілері мен мамандары тыңдады.   Оның дәрісі “Жетік педагогика – 21 -інші ғасырдың педагогикасы” тақырыбында  өрбіді.  Оқушылардың біліміне баға қойылатын, үй тапсырмасы берілетін  қазіргі оқытуды ескі деп есептейтін бұл жоба авторлары  мүлде жаңаша оқыту жүйесін  құрмақшы.  Қазіргі заманғы педагогика орталығы 2007 жылы Канадада құрылған. Профессор Георгий Рудик үш жыл ішінде педагогиканың жаңа жүйесі жайлы Интернет арқылы оқылатын  дәрісті әлем бойынша тыңдайтындардың саны көбейгенін айтады.

  Георгий Рудик, “Шексіз білім беру” қазіргі заманғы педагогика орталығының директоры:
-Басында біздің 5 тыңдаушымыз ғана болды. Олар – Челябі облысының Садко қаласынан биология мұғалімі,  Ханты-Мансийскіден 3 мұғалім және бір мексикалық. Ал биыл жобаға қатысушылар саны 817-ге жетті.

Жақында профессор осы дәрісімен Қорғанға бет бұрмақ.

Жасын Біркенов