Құқық қорғау органдары

«Астық» шарасы

 

 

 

 Аталмыш шараның ұтымдылығын арттыру үшін әр ауданда мобильдік топтар құрылып, астық тасушылардың құжаттары тексерілетін болды. Ал автокөлік жолдары әрдайым кезекшілердің бақылауында. Аудандық полицияға жәрдемдесу үшін шараға облыстық ІІД-нің қызметкерлері де жұмылдырылды. Кезекті түнгі рейдтердің бірінде Жамбыл аудандық ІІБ полицейлері «Атамекен-Агро» серіктестігіне қарасты танап басынан жарықсыз жүрген КАМАЗ көлігін байқаған. Жүргізуші тәртіп сақшылары жақындай бергенде жарығын жағып, қайта сөндіріп отырған. Тексеріс кезінде КАМАЗ-дың тіркемесінен 11 тонна астық табылды. Сол аудандағы Есперлі ауылының 31 жасар тұрғыны механизаторлармен алдын ала келісіп, түнде комбайндардан астық жинап алмақ болған.

  Арман Кутушев, Жамбыл АІІБ-нің бастығы:

-Астық ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу шаралары жүргізілуде.  

Қазіргі кезде күдіктілердің бәрі қолхатпен босатылды. Ұрланған астық тәркіленіп, иесіне қайтарылды. «Астық» жедел алдын алу операциясы орақ науқаны аяқталғанға дейін жалғаспақ.

Кәусар Аяпбергенқызы