Білім

Колледждер студенттеріне оқу гранттары берілді

 

 

 

Акция қыркүйектің соңына дейін жалғасады. Бұл шара  кәсіптік- техникалық білім беру мекемелерінің студенттеріне тегін оқу мүмкіндігін ашып отыр. Гранттар негізінен өз қаржысын салып, білім қуған жетім және әл-ауқаты төмен отбасыларынан шыққан балаларға беріледі. Асқар Байтоқов Жәлел Қизатов атындағы Есіл ауыл шаруашылығы  коллдеджінде есепші мамандығының қыр-сырын меңгеруде. Үздік студент екі жылын ақша төлеп оқыған. Енді қалған 1,5 жылда білімді мемлекет  есебінен алатын болады.

  Асқар Байтоқов,  Жәлел Қизатов атындағы Есіл ауыл шаруашылығы  коллдеджінің студенті:
-Мен осы сертификатты алғаныма қуаныштымын.
Мен студент болғандықтан маған үлкен көмек және ата-анама да демеу болады.

Акция аясында мемлекет тарапынан қолдау өңіріміздің колледждерінде оқып жүрген 7 студентке қажет деп шешілді. Бүгін оларға салттанатты түрде сертификаттар табыс еттілді.

  Юрий Данилов, СҚО білім басқармасы бастығының орынбасары :
– Меніңше игі істер еш уақытта ұмытылмайды. Бұл біздің болашағымыз үшін жасалып жатқан тың шаруалар. Дәстүрге айналады деген ойдамыз. Келесі жылдары сұранысқа ие индустриалдық- инновациялық технологияларды және экономиканы дамытуға септігін тигізер мамандықтарға бөлінетін болады.

2010-2011 оқу жылында еліміз бойынша 1 198 студентке шәкіртақы тағайындалмақ.

 Жеңіс Ермұқанов