ТКШ

Жақында Петропавлдағы 13 шағын бақта қалпына келтіру жұмыстары басталады

 

 

  
Пушкин шағын бағы – қалалықтардың сүйікті орындарының бірі. Дизайнерлер облыс әкіміне бұл жердің кейпін толықтай өзгертуді ұсынып отыр. Орыстың ұлы ақынының ескерткішін қалпына келтіріп, балалар алаңдарын жасау керек. “Евгений Онегиннен” композиция орнатуға да болады. Татьяна Ларинаның терезесіне үңілген Онегин композициясы 1млн теңгеге түседі.  Жергілікті сәулетшілер 13 шағын бақтың әрқайсысы бойынша тың жобаларын ұсынды. Ең бастысы   идеялар қайталанбайды. Тек  жарықтандыру, орындықтар орнату, гүлзарлар салу сияқты ойлар ғана ортақ. Жамбыл мен Ғ.Мүсірепов көшелерінің қиылысындағы алаңды осы жердегі дүкен иесі мен тұрғындар тазалықта ұстайды. Сирек кездесетін өсімдіктер отырғызып, гүлзарлар салған. Бірақ мұндай жағдай өзге алаңдарда байқала қоймайды. Сәулетшілер 3 –ші қалалық аурухана ауданындағы бақта аттракциондары бар балалар алаңдарын орнатуды ұсынды. Иттерді серуенге шығаратын аумақты қоршау керек.
Ал «Қазақстан правдасы» көшесіне Үкілі Ыбырайдың бюстін қою жоспарланған еді. Бірақ бұл маңда келесі жылы жылу желілерін күрделі жөндеу  жоспарланып отырғандығы анықталды.  Әрине, мұндай ескерткіш қаржылық шығынды талап етеді. Бірақ, тарихқа тағзым жасаған маңыздырақ.  Облыс орталығының әр сквері назарда. Қаладан шыға берістегі айналма жол М.Жұмабаев және Мамлют аудандарының үлесіне тиді. Шағын бақтарды көркейтуге қала мектептері де тартылған. Әр тарап өз аумақтарын, атқаратын жұмыс көлемін біледі. Әр жобаның бағасы шамамен 2,5-3 млн теңгеге түседі деп жоспарланып отыр. Облыс әкімі Серік Біләлов бұл жұмысты келесі айдың ортасына дейін аяқтауды тапсырды.
 

 Әсем Сембина