Әр түрлі

Мүлік және жер салықтарын төлеу мерзімі қазанның 1-не дейін

 

 

 

 Облысымызда 237 мыңнан астам салық төлеуші тіркелген. Оның ішінде тек 9 пайызы ғана бірқатар жеңілдіктерге ие. Ал қалғаны мемлекетке міндетті төлемді өтеуі тиіс. Азаматтар салық қарызынан қазанның біріне дейін құтылуы қажет.

   Сәуле Мүсілімова,  СҚО бойынша салық департаменті басқармасының бастығы:
  – Тамыздың біріне дейін әр салық төлеушінің үйіне хабарлама қағаз жеткізіледі. Сондықтан заңды тұлғалар мүлік пен жерге қатысты салықты қазанның біріне дейін төлеуі қажет. Ал егер хабарлама  қағаз  белгісіз себеппен жеткізілмеген жағдайда, азаматтарды салық органдарына келуін сұраймыз.

Қазіргі таңда мүлік бойынша салық 41,7 млн., ал жерге қатысты 32,9 млн. теңге жиналды. Қарызды уақытында өтемеген жағдайда заңды тұлғаларға айыппұл салынады. Бүгінгі күні 191 салық төлеуші мемлекетке 6,3 млн. теңге берешек.

  Жібек Клюкова,  СҚО бойынша салық департаменті басқармасының бас маманы:
Салықтарды төлемеген жағдайда әр өтелмеген күн үшін айыппұл салынады. Уақытында төленбеген төлем әкімшілік жауапкершілікке әкеліп соғады. Айыппұл 11 304 тг құрайды. Қарыз сот арқылы қайтарылады.

Биылғы жылдың қаңтар айынан бастап көлік бойынша салық төлеу мерзімі 31- ші желтоқсанға дейін шегерілді. Алайда қарыз техникалық тексеріске дейін өтелуі тиіс.

  Сәуле Мүсілімова, СҚО бойынша салық департаменті басқармасының бастығы:
  – Егер көліктің техникалық тексерісі жыл басында жүргізілсе, салықты жыл басында төлеу қажет. Тиісті заңнамаларға сәйкес  қазір жол полициясының қызметкерлері техникалық тексерісті салық төленген уақытқа дейін жүргізбейді.

Салықты салық органдарында, “Қазпошта” бөлімдерінде, банкоматтар мен терминалдарда төлеуге болады.

Тұрғындар:
  – Үйге хабарлама қағаз келгенде  мен мүлік және жерге салықты бірден төлеп тастаймын. Кейінге қалдырсаң, ұмытып қаласың.
  – Мен салықты мерзімінен бұрын төлеуге тырысамын. Өйткені уақытында төлеу – әр салық төлеушінің азаматтық парызы.
 – Айыппұл төлемеу үшін біз салықты уақытында төлеуге тырысамыз. Салық органынан хабарлама қағазы келгенде бірден төлейміз.
 

Жасын Біркенов