Мәдениет

. “Мемлекеттік тіл – менің тілім”

 

 

 

 

  
Қазақтың ұлттық киімдерін киген осынша адамды тек Наурыз мерекесінде ғана кездестіруге болады. Ал бүгін олардың саны тіптен көп сияқты. Мұнда қалалық түзету мекемелерінің қызметкерлерінен құралған 8 команда мен 100-ге жуық сайыскер жиналған.

  Нұрсұлу Көпенова, СҚО бойынша ТЖБ мемлекеттік тілді дамыту және кадр бөлімінің аға инспекторы:
-«Мемлекеттік тіл  – менің тілім» байқауына қылмыстық атқару жүйесінің департаменті және 6 түзету мекемелері, «Еңбек Қызылжар» кәсіпорны қатысып отыр. Конкурсқа қатысушылар мемлекеттік тілден білімдерін көрсетіп, іс жүргізу, мақал-мәтел жөнінен өз өнерлерін ортаға салады.  

Мемлекеттік тіл білгірлерінің арасында үш жүздің басын қосқан Абылай хан да жүр екен. Бүгінгі сайысты да ұлт көсемі   өзі бастады.

Ерсін Ахметов, СҚО бойынша қылмыстық атқару  жүйесі департаменті кадр тобының бас маманы:
-Қазақтың басын қосып, біріктірген Абылай ғой. Сол себепті жаңа Қанат деп жатыр, Володя деп жатыр соларды біріктіріп фестивальға қатысып отырмыз.
Көптен дайындалдық. Ойлаймыз жүлделі орынға ілігеміз бе деп.

Абылай хан бастаған «Әділет жұлдыздары» тобының орындаушылық шеберлігі тиісінше бағаланды.  Ал  қазылар алқасы бүгінгі сайыскерлерді жан-жақтан қатаң сынамақ.

  Сағындық Салмұрзин, Дүние жүзі қазақтары қауымдастығы СҚО филиалының бастығы:
 -Қабырға газетінен бастап сөйлесу,  жазу, өлең, би әр түрлі жағынан бағалаймыз.  

Барлық 5 кезеңнен өткен соң байқауға қатысушылардың ішінен жүзден жүйрік топ анықталады. Сайыскерлер тілді меңгеру жөнінен мол тәжірибе алып қана қоймай, түрлі сыйлықтармен марапатталады.

 Кәусар Аяпбергенқызы