ТКШ

Қыркүйектің 18-і – қайырымдылық сенбілігі

 

Қаламыздың көрікті келбеті мен тазалығын сақтаймыз деген петропавлдықтар тағы да сенбілікке шығатын болды. Қыркүйектің 18-не белгіленген шара қарияларға әлеуметтік қолдау көрсету айлығының аясында өткізілмек.

  Мәдина Балғашоқова,  қала әкімінің орынбасары:
-Ұйымдастыру комитетімен бір шешімге келдік. 18-інші қыркүйекте қайырымдылық сенбілігі өтеді. Одан түскен ақшаның 50 пайызы қалалық ардагерлер кеңесінің есепшотына түсуі тиіс.

Сенбілік барысында мүмкіндігінше қаланың әр бұрышы қамтылуы тиіс. Сәйкесінше әр мекеменің өзіне тиесілі аумағы да белгіленді.

  Мәдина Балғашоқова, қала әкімінің орынбасары :
-Ұйымдастыру комитетінің мүшелері қай мекеме қай көшелерге шығып, қаланы тазартатынын белгілеп қойды. Бір кісідей сол күні шығып, қаламызды тазартып, жаңартайық.

Бүгінге қаламызда шамамен 35 000 зейнеткер мен 8 мыңға жуық мүгедек адам бар. Қайырымдылық айлығының аясында оларға материалдық көмекпен қатар қажетінше  көңіл бөлінетін болады.
 

 Кәусар Аяпбергенқызы

 

 

 Қайырымдылық сенбілігінен түскен қаражатты аудару үшін «ЦентрКредитБанкі» АҚ СҚО филиалында ардагерлер кеңесінің есепшоты ашылған. 
СТН 481400024510
Ардагерлер кеңесінің қалалық филиалы
“ҚР ардагерлер ұйымы” қоғамдық бірлестігі
«Банк ЦентрКредит» АҚ

ИИК KZ 338560000000044019
БИК KCJBKZX
КБЕ18, КНП119