ТЖ

Төтенше жағдай құрылымдарының оқу-жаттығулары

 

 

 

 

Бұндай жаттығу жиындары өңірімізде бұрын-соңды болмаған. Кең көлемдегі дайындық еліміздің өзге облыстары мен Орта Азия елдерінде жиілеп кеткен табиғи апаттардың зардаптарын жоюға бағытталып отыр.

  Евгений Обухов, СҚО ТЖД бөлім бастығы:
 – Бұл шараға зауыттар, сапалы техникасы мен адамдары жеткілікті ірі кәсіпорындар тартылды.
Табиғи апат орасан зор зардап қалдыруы мүмкін. Сондықтан жапа шеккен аудандардағы электр, су, жылу желілерін қалпына келтіретін мамандар құтқару топтары мен арнайы техника көптеп қажет болуы мүмкін.

Өңіріміздегі азаматтық қорғаныстың 13 апаттық қызметі өкілдерінің барлығы осы жерде. Арнайы топтың құрамында    2 164 адам. Барлығы төтенше жағдай бола қалса, өздерінің міндеттерін жақсы біледі. 347 дана қажетті деген техника майланып-сайланып, кез келген уақытта шығуға дайын.

  Бағлан Мауытов, ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы:
 – Бізде төтенше жағдай бола қалса, тіркемелі техника бар: трактор, бульдозер, артатын техника. Төтенше жағдай болса, осы техникаларды жіберуге дайынбыз.

Жұмылдырылған техника мен құтқарушылар апат орнына темір жолмен жеткізіледі. Дабыл соғылысымен 16 сағаттың ішінде толық құрам перронға жетулері тиіс. Келесі қадам  -көліктерді жылдам поезға тиеп,  мықтап бекіту. Теміржолшылар барлық тіректердің беріктігін тексеріп, жүк қауіпсіз тасымалдауға дайын екенін жеткізді. Апаттық шұғыл топ бір КАМАЗ-ды артып, бекіту үшін 2 сағат жұмсады. Құтқарушылар жаттыға келе уақытты 1,5 сағатқа дейін қысқартуға болатындығын айтады. Көш жүре түзелетіні анық, бірақ апат есік қағып, сұрап келмейді ғой.

 

Жеңіс Ермұқанов