ТЖ

Өрт сөндірушілердің оқу-жаттығулары

 

 

 

 

Сағат күндізгі төрт. Ал мектеп сыныбындағы парталар бос тұр. Себебі қазақ мектеп-гимназиясының екінші ауысымдағы оқушылары екі рет соғылған дабылдың нені білдіретінін біледі. Сондықтан ғимараттағы 426 адам бірден далаға ойыса бастады. Ал сыртта шақыру түсе сала жеткен 6 техника мен 40 шақты маман өрт сөндіруге кірісіп кетті. Құтқарушылар оттың шығу ошағын бірден анықтады. Алдын-ала ойластырылған жоспар бойынша өрт мектеп асханасынан шыққан.  Құтқарушылар оттың өршуіне жол бермей, бар-жоғы 3 минуттың ішінде жалынды ауыздықтады. Тілсіз жаудың тұтқынында қалған жапа шегуші дер кезінде құтқарылды. Демек, тапсырма ойдағыдай орындалды.

  Ерік Мәжитов,  Өрт сөндіру қызметінің басқарма бастығы:
-Бүгінгі оқу-тактикалық жаттығудың мақсаты – оқу жылында мектептердің өртке дайындығын тексеру. Дайындық әрқашан да болу керек.

Әлия Әблина,қазақ мектеп-гимназиясының әлеуметтік ұстазы:
-Мақсаты адамдарды және мектептің құнды мүліктерін дер кезінде сыртқа алып шығуға жаттықтыру. Мектеп оқушылары шын көңілмен қатысты.

Мектептегі өрт тақырыбындағы қойылымның барлық кейіпкерлері мол сабақ алды. Әсіресе, оқушылар өздерінің кез- келген оқыс жағдайға дайын екендіктерін дәлелдеді.
 

Кәусар Аяпбергенқызы