Аптадағы маңызды жаңалықтар

«Менің сүйікті қалам» акциясына тұрғындар да белсенді қатысуы керек

 

 

 

Қ.Сәтпаев көшесіндегі 34 –ші үйдің ауласы көркейтілмеген, балалар алаңы жоқ, ағаштардың қураған бұтақтары кесілмеген.  Облыс әкімі ПИК мүшелерімен ауланы көркейтуге бағытталған бірлескен іс-шаралар жоспарын талқылады.

Серік Біләлов, СҚО әкімі:
– Қыркүйектің 18-де айлық басталады. 12 сквер аудандарға,  аулалар  – басқармалар мен департаменттерге бекітілді. Бірақ бұл барлық жұмысты олар атқарады деген сөз емес. Ауланы бірлесіп тазарту керек.
 
Ал көршілес ауладағы жағдай мүлдем басқаша. Биылғы жылдың көктемінде бұл үй тұрғындары қалалық әкімдіктің арнайы бағдарламасына қатысып, өздері жинаған 250 мың теңге қаржыға үйді жөндесе, ал әкімдік ауланы асфальтатып берген. Енді мұнда балалар алаңы бар. Аула қоршалып, гүлдер өсірілген, ескірген ағаштар кесілген. Бұл пәтер иелері кооперативтері мен жергілікті биліктің бірлескен жұмысының нәтижесі . Ал Бензострой шағын ауданындағы Ухабов және Гагарин көшелерінің тұрғындары пәтер иелері кооперативінің жоқтығынан көп қиындықтар көріп отыр екен.   Тұрғындар алдағы қысқа дайындық мәселесін алға тартты.  Мәселен, Гагарин көшесіндегі 2-ші үйде жылу жүйесін қысқа әзірлеуге  әр пәтерден 18 мың теңге талап етіліпті, мұндай соманы кез-келген тұрғынның қалтасы көтере бермейді. Жұмыс сапары барысында облыс әкімі 12 ауланы аралады. Олардың әрқайсысы бойынша бірлескен іс-қимыл жоспары жасалып, департаменттер , мекемелер басшыларынан жауапты адамдар бекітілді. «Менің сүйікті қалам. Менің сүйікті ауылым» акциясы қыркүйектің 18-де басталып, бір айға созылады. Облыс әкімі тұрғындарды  аулаларды бірлесіп көркейтуге шақырды.