ТКШ

Энергия қалай үнемделеді?

 

Электр шамдарының үнемі жанып тұруы қуат көзінің шамадан тыс жұмсалуына әкеп соқтырды. Соның салдарынан электр энергиясының тарифі де шарықтап шыға келді. 2008 жылы 1 киловаттың құны 5 теңге 6 тиын болса, 2010 жылы 7 теңгеге дейін жеткен. Мұның алдын алу мақсатында қалалық мәслихат депутаттары арнайы комиссия құрды. Бүгін тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы бөлімінің қызметкерлері, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау орталығы мен апаттық қызмет мамандары энергия үнемдеу жөніндегі өз ұсыныстарын жасады.

  Боташ Хайнетов, қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бастығы:
 –Тарифтің өсуі қалалық бюджетке тым ауыр тиіп тұр. Сондықтан біздің қазіргі мақсатымыз жарықтың сапасын дәл сол күйінде сақтай отырып, қуатты үнемдеу жолдарын қарастыру. Ол үшін ең алдымен 300 Вт прожекторлық шырақты 125-ке алмастыру керек. Қуаты 500 квт-тық шамдардың орнына натрийлік 250 киловатқты қою қажет.

Екінші жоспарда көше жарығын басқаратын блог орнату тұр. Ол мақсатқа жетуде ШНОТ – 2 КМ телемеханикалық шкафтары көмектеседі. Заманауи құрылғы жарықты жедел әрі автономды режимде жағады. Қазіргі таңда 180 трансформаторлық қосалқы станцияның 33-нде осындай шкафтар іске қосылды. Жақында тағы 15-і жұмыс істейтін болады.

Гүлден Сәрсенбаева