Бизнес және экономика

Баға неге тұрақсыз ?

 

 

 

 

 

Бағаның құбылуына қуаңшылықтың әсерімен қатар кәсіпкерлердің қолайлы сәтті пайдаланып қалмақ әрекеттері де кесірін тигізуі мүмкін. Базар саудагері, көтерме бағамен сатушы, жеткізуші – бұлардың қайсысы бағаны негізсіз өсіруге жол берді. Бұны бәсекелестікті қорғау Агенттігі аймақтық инспекциясының мамандары анықтамақ.


 Зәуре Нұрмұқанова,  ҚР бәсекелестікті қорғау Агенттігінің Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық инспекциясының бөлім бастығы:

– Қазір ақпарат жинау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бұл тізбектің қай жерінде баға өсіруге жол берілді, соны анықтаймыз. Егер бәсекелестік туралы заң бойынша ереже бұзушылық анықталса, табыс қайтарып алынып, айыппұл салынады.

Қыркүйекте азық-түліктің кей түрлерінің қымбаттағаны байқалды. Қарақұмық әуелі сөреден кетті, бірақ бағасы көтеріліп оралды. Өсімдік майы аз күнде 30 пайызға қымбаттады. Сатушылар көтерме саудамен айналысушылардың бағаны шарықтатып жібергенін айтады.

  Ырысты Әлманова:

-Өткен жұмада өсімдік майына баға қосылды. Бұрын 220 теңгеден алсақ, енді 270 тенгеден аламыз.

  Елена Ткаченко:

-Бірінші қыркүйектен бастап ресейлік өсімдік майының бағасы 40-50 пайызға дейін өсті. Қазақстандықтар да қалып жатқан жоқ, 30 пайызға көтерді. Осы аптада баға тұрақтаған сияқты. Бүгінде бір литр қазақстандық май  – 260, ресейлік 280 теңге тұрады.

Негізінен Ресейден келетін тауарлардың құны өскен. Бұндайда тексерістер қауқарсыз. Ал отандық өнімнің бағасын ұстап тұру үшін облыстардан жеткізілетін керуенге үміт артылады.

  Альфия Ачкасова:

Картопты 65 теңгеден аламыз. 70 теңгеден сатамыз. Ешқандай проблема болған жоқ. Жергілікті картоп түскен жоқ, сондықтан Павлодардан жеткізілгенін сатамыз.

Картоптың көтерме бағасы 65 теңгеден. Базар саудагерлері 70 теңгеден сатып жатыр. Одан әрі көбейтуге базар басшылығы да рұқсат етпейді.

 

Әсем Сембина