Құқық қорғау органдары

Полицейлерге байкерлер көмекке келді

 

 

 

Облыс орталығы тұрғындарының назарын жол қозғалысы қауіпсіздігіне аудару үшін қаланың орталық көшесіне 50 шақты байкер жиналды. Екі доңғалақты көліктің жүргізушілері инспекторлармен бірлесіп, жерлестерімізді жол ережелерін сақтауға шақырып, үгіт-насихат қағаздарын таратты.

  Игорь, Петропавл байкерлер қозғалысының жетекшісі:
  – Көбіне байкерлер жол ережелерін бұзады дейді. Алайда біз керісінше жол ежелерін сақтаймыз. Өзіміздің әрекетіміз арқылы автокөлік, мотоцикл жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерді ережелерді сақтауға шақырамыз.

Мотоциклшілер Петропавлдың орталық көшелерімен жүріп өтті. Әріптестерін қолдауға Қырғызстаннан келген байкерлер де бар. Бішкек қаласының тұрғыны Артем өңірімізге маусымның жабылуына арнайы келіпті.   

  Артем, байкер, Бішкек қ.:
  – Біздің мотоциклдеріміз қуатты болса да, біз барлық жол ережелерін сақтаймыз. Өйткені жол қозғалысының қатысушыларына ешқандай қауіп төнбеуі керек.

«Абайлаңыз балалар!» акциясы қыркүйектің соңына дейін жалғасатын болады. Осы уақытта жол полицейлері балалар арасында жарақаттанудың алдын алу үшін кешенді шаралар жүргізбек.

  Болат Дүйсенов, СҚО ІІД ЖПБ бастығының орынбасары:
– Барлық мектептерде жол ережелерін үйрету сабақтарын жүргізудеміз, қаладағы электрондық тақталарда жол ережелерін сақтауға арналған роликтер орналастырдық, мектептердің қасында инспекторлар кезекшілік атқаруда. Жүргізушілермен түсіндіру жұмыстары өткізілуде. Осы шаралардың барлығы балалардың қатысуымен болатын апаттардың алдын алуға көмектеседі.

 Жасын Біркенов