Әр түрлі

Қаржы полицейлері арасындағы тіл байқауы



 

 

Қаржы полицейлерінің арасында өңірлік сайыс биыл тұңғыш рет ұйымдастырылды. Қызметкерлер сұрақ-жауап, жазбаша жұмыс және үй тапсырмасы сияқты кезеңдерде қазылар алқасы мен көрермендердің көңілін жаулап алуға тырысты.

  Жеткерген Жақсыбай,  СҚО бойынша ЭСЖКД бастығының орынбасары:
-Сайыстың мақсаты – мемлекеттік тіл саясатын насихаттау, жетік білетін қызметкерлердің деңгейін тексеру, қазақ тілін қызметте қолданатын қызметкерлер санын арттыру.

Байқауға қатысушылардың барлығы тыңғылықты дайындалған. Көздегеніміз жүлделі орынды еншілеу емес, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту  дейді олар.

  Медет Базарбаев, байқауға қатысушы:
-Біздің мақсатымыз сайысқа қатысып, қандай да бір орын алу емес, мемлекеттік тілді насихаттау мақсатында осыған атсалысып отырмыз.

 Сәкен Хамитов, байқауға қатысушы:
– Жалпы байқауға біздің командамыз толық дайын.
Бастысы – жеңіс емес, қатысу ғой.  Біздің мақсатымыз – қазақ тілін қызметте қолданатын қызметкерлер санын арттыру.

Байқау қорытындысы бойынша үшінші орын -Қостанай, екіншісі  Павлодар облыстарына бұйырса, бас жүлдеге жергілікті қаржы полицейлері ие болды. Сөйтіп, жерлестеріміз республикалық сайысқа жолдама алды. Сондай-ақ, “Бейнені үздік сомдаушы” номинациясы павлодарлық меймандарға, “Хаттаманы үздік әзірлеуші”  –  қостанайлық қаржы полицейлеріне бұйырса, “Ең тапқыр қызметкер” аталымында солтүстікқазақстандықтар топ жарды.

Жасын Біркенов