Құқық қорғау органдары

Теміржолдағы есірткі бизнесіне қарсы күрес

 

 

 

 

4 фактінің 3-еуі өткен аптада анықталған. Есірткі тасымалдаушылар қулықтың қандай түрін қолданса да, тәртіп сақшыларынан айлаларын асыра алмады.

  Жандос Жәмет,  Петропавл бекетіндегі  ІІБ инспекторы:
-2010 жылғы 1 қыркүйек күні Алматы облысы Талғар қаласының тұрғыны, 1975 жылы туған азамат ұсталды. Оның жеке заттарын тексеру барысында 172,52 грамм гашиш  тәркіленді. Сонымен қатар Петропавл тұрғынынан 0,33 гр  героин  тәркіленді.

Аталған екі азамат та есірткіні аяқтарына таңып жасырмақ болған. Бірі гипстің астына тықса, екіншісі шұлыққа ораған. Ал тағы бір айлакер, Бескөл кентінің тұрғыны көп мөлшердегі героинді темекі қорабына салыпты. Бірақ есірткі тасымалдаушылардың ешбірі көздеген жерлеріне жетпеді.

  Жандос Жәмет,  Петропавл бекетіндегі  ІІБ инспекторы:
-2010 жылғы 3 қыркүйекте жергілікті уақыт 20.00-де вокзалдың касса залында Петропал тұрғыны ұсталды. Одан 4,08 грамм  героин  тәркіленді.

Аталған фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жыл басынан бері заңсыз айналымнан 8 кг есірткі тәркіленген.

 

   

Кәусар Аяпбергенқызы