Спорт

Таңертеңгі гимнастика

 

Таңертеңгілік бойжазуды қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі “Денсаулық фестивалінің” қарсаңында ұйымдастырды. Биыл бұл ауқымды спорттық шара қыркүйектің он бірі өтпек. Азандағы дене жаттығуларына 40 шақты адам қатысты.

  Аян Садаев, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы:
-Елбасы өзінің биылғы Жолдауында халықтың 30 пайызын спортқа тарту керек деп атап кеткен. Осы тапсырманы орындау мақсатында бүгінгі бойжазуды өткізіп отырмыз. Мұнда мәдениет саласының қызметкерлері қатысуда.

Мәдениет ошақтарының бірі Теміржолшылар мәдениет үйінде 64 адам қызмет етеді. Мұндағы жастар да, аға буын өкілдері де түрлі спорттық шараларға ұдайы қатысып отырады. Хор ардагері Сайдаш Гайсин бала кезінен бастап салауатты өмір салтын ұстанып келеді. Қазір қарияның жасы 80 -ге таяп қалғанына қарамастан, ол өзін сергек сезінеді.

  Сайдаш Гайсин, хор ардагері:
Мен спортсыз өмір сүре алмаймын. Спортқа көп көңіл бөлемін. Денің сау болса, көңілің  де әрқашан көтеріңкі болмақ.

 Мария Сисанбаева, Петропавл қалалық мәдениет үйінің іс-шаралар режиссері:
  – Біз, жас ұрпақ салауатты өмір салтын қолдаймыз. Осындай таңертеңгілік бойжазуды ұдайы ұйымдастырып отыру қажет. Дені саудың жаны сау болады.

“Денсаулық фестивалі – 2010” шарасы аясында қала стадиондары мен спорттық алаңдарында бірнеше жарыстар өткізілмек. Ұйымдастырушылар қалалықтарды ауқымды шараға атсалысуға шақырады.


Жасын Біркенов