ТЖ

Қоғамдық қауіпсіздік мәселесіне арналған жиын



 

Жиналғандардың назарына ұсынылған бейнефильмде көрсетілген жағдайлар облыс орталығында бірнеше мәрте қайталанған болатын. Алайда оның бәрі бұзақылардың сәтсіз қалжыңы, яғни жалған ақпарат болып шықты.  Әйтсе де мұндай жағдайлар қазір көптеген елдерде өршіп тұр. Бүгінгі өткізілген кеңестің мақсаты да адамдарды террорлық шабуылдардың алдын  алуға дайындау, біз кез- келген оқыс оқиғаға дайын болуымыз қажет дейді жиынды ұйымдастырушылар.  Залға халық мейлінше көп шоғырланатын түрлі супермаркет, ірі дүкендер мен ойын-сауық орталықтарының иелері жиналған. Өз меншігіндегі ғимаратқа келетін және онда қызмет ететін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – олардың әрбіріне жүктелген міндет. Мұны сөзсіз әр меншік иесі мойындайды.

  Алла Сокол, “Сокол” сауда орталығының басшысы:
– Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінен біздің біліміміз жеткіліксіз.  Сондықтан осындай семинардың өткізілуі орынды. Мен өзім сауда орталығымды барлық қажетті талаптарға сай етіп жабдықтауға тырысамын.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін дабылқаққыш, өртсөндіру, бейнебақылау құрылғылары әр ғимаратта міндетті түрде орнатылуы тиіс. Сонымен қатар  күзет қызметінің қажетінше мамандандырылған, кез- келген оқыс жағдайға дайын болуы маңызды.
 

Кәусар Аяпбергенқызы