ТЖ

Бірлескен акция

 

 

 

 

Өрт сөндірушілер оқиға орнына тез жету үшін барлық мүмкіндіктерді пайдаланады. Өйткені мұндай жағдайларда адамдардың өміріне қауіп төнуі әбден мүмкін. Өрт сөндірушілер кейде жолдағы кедергілерден апат орнына уақытылы жете алмай қалады.  Көлік жүргізушілердің көбі шамшырағы жанып, дабылы қосылып келе жатқан арнайы техникаға жол бермейді.  

 

Ербол Қуанышев,  СҚО ТЖД бас маманы:
 – Біз осы шараны шамшырағы жанып және дабылы қосылып келе жатқан арнайы техникаға көлік жүргізушілердің назарын аудару үшін өткізіп отырмыз. Бұнымен жүргізушілерді жол ережесін сақтап, өрт машиналарына жолда кедергі келтірмеуге шақырамыз.

“ЦУМ” сауда орталығының алдында тұрған көліктің жүргізушісі өрт машинасына жол бермей, кедергі келтірген. Шегініп келе жатып, байқамай қалдым деп ақталғанымен, тәртіп бұзушы әкімшілік жауапқа тартылды. Жолда арнайы техникаларға кедергі келтіретін көлік жүргізушілеріне 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

  

 Жасын Біркенов