Денсаулық сақтау

3-ші ауруханадағы жаңа құрал-жабдықтар

 

 

   Никос Леонов, № 3 қалалық аурухананың сынықшы – дәрігері
-Науқас біздің ауруханаға 3-ші дәрежелі деформацияланған шораяқ диагнозымен түскен болатын.
Экраннан жарақаттанған буынның бетін көре аласыздар. Онда жарылған тамыр байқалады. Біз оны артроскоп арқылы алып тастаймыз. Кейін буынды тазалаймыз

Артроскоп 3 ауруханаға бір жыл бұрын әкелінген болатын. Содан бері құрылғы 64 адамды қатарға қосуға септесті. 2009 жылы сатып алынған аппаратқа қалалық бюджеттен 16 млн теңге бөлініпті. Сынықшы-дәрігер Никос Леонов заманауи құрылғының сапасы бағасына сай дейді.

Никос Леонов, №3 қалалық аурухананың сынықшы – дәрігері: -Әрине, дәрігерлердің жұмысын едәуір жеңілдетіп тастады. Үлкен пайдасы тиіп тұр. Жаңа құрылғының арқасында науқас 24 тәуліктен соң өзі жүре алады. Буынның ауырғанын толық жазады. Тек ол үшін уақытылы келіп, ем алу керек.»

Артроскоп арқылы жасалған отаның нәтижесі таң қаларлық. Аппараттың ерекше мүмкіндіктерін науқастар да айрықша бағалап отыр. Сейжарат Багомедова 54 жаста. Ол ауруханаға қыркүйектің бірі күні келіп түскен. Науқас әйел оң тізе буынының артрозымен осыдан екі жыл бұрын ауыра бастағанын айтады.

Сейжарат Багомедова:

Бұрын менің отырып-тұруым қиын болатын. Аяғымның астын тіреп отырмаса болмайтын. Жүрудің өзі мүмкін емес еді. Сондықтан осы жерге ем алуға келдім.

Сейжарат апай отаны қыркүйектің екісі жасатыпты. Келесі күні науқас таяққа сүйеніп, жүре бастаған. Ал үш күннен кейін таяқты тастап, өзі жүріп кетті.

  Сейжарат Багомедова:

-Аллаға шүкір, осындай дәрігерлеріміздің қолына дерт бермесін. Сатып алынған жаңа құрылғы әлі талай адамға көмектесетініне сенімдімін. Рақмет.

Артроскоп заманауи техникасы неміс фирмасынан. Алдағы уақытта жаңа құрылғыны иық пен табан оталарына қолдану жоспарда тұр.   

  Никос Леонов, №3 қалалық аурухананың сынықшы – дәрігері:

Біз әзірге буындағы деформацияланған артрозды ғана емдеумен айналысып жүрміз. Енді видеоқұрылғымен одан да күрделі оталарды жасап көреміз.

Таяуда аурухананың емдеу құралдары жаңа техникамен толықты. ФГС аппаратын сатып алу үшін Республикалық бюджеттен 2 млн 950 мың теңге бөлінді. Жапондық құрылғы   бір апта  жұмыс істеп тұр.

  Константин Зырянов, №3 қалалық аурухананың эндоскопист-дәрігері:

-Бұл процедура ауруды  98 пайызға анықтауға көмектеседі. Ол жарақат көзін дәл табуға септеседі.

Дәрігерлер аталған аппаратты ұзақ тосқандарын айтады. Алдағы уақытта томограф сатып алу жоспарда бар.

Гүлден Сәрсенбаева