Құқық қорғау органдары

Теміржолдағы қауіпсіздік айлығы

Жол полицейлері мен Оңтүстік Орал теміржолы Петропавл бөлімшесінің өкілдері алғаш рет кездесіп отырған жоқ. Теміржол өткелі учаскелеріндегі қауіпсіздік мәселесі екі тарапты да бейжай қалдырмайды. Сондықтан алдын алу шараларын барынша жандандыру қажет. Тамыздың жиырмасында Петерфельд елді мекені жанында болған жол апаты – аталған мәселенің өзектілігінің тағы бір айғағы.

Владимир Мамонтов, Оңтүстік Орал теміржолы Петропавл бөлімшесінің жол бөлімі бастығы:
-6 тонна картоп тиелген трактордың жүргізушісі жол ережесін өрескел бұзып, тыйым салынған белгіге қарамастан теміржолға шығып кеткен.

Владимир Мамонтов, Оңтүстік Орал теміржолы Петропавл бөлімшесінің жол бөлімі бастығы:
-6 тонна картоп тиелген трактордың жүргізушісі жол ережесін өрескел бұзып, тыйым салынған белгіге қарамастан теміржолға шығып кеткен.

Бағына қарай жас жігіттің өзі аман қалды. Ал техникасы электровоздың астында жаншылды.

Жүргізілген рейдттердің нәтижесі таң қалдырады. Жол полициясын көргенде көпшілік жүргізушілер әбсәтте ереже сақтап, барынша тәртіпті бола қалады. Бұған қоса өзге жүргізушілерге жолда полицияның тұрғаны жөнінде белгі береді . Әйткенмен, тәртіп сақшылары мен теміржолшылар екі жолдың қиылысында аса сақ болу керек екенін ескертеді.
Жалпы үстіміздегі жылдың 8 айы ішінде жол полицейлері 45 374 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтаған. Олардың 71-і теміржол өткеліндегі ережелерді сақтамау фактілері. Темір жол өткеліндегі қауіпсіздікке арналған айлық қыркүйектің 25-не дейін жалғаспақ.

 

Айымгүл Әбілева