Құқық қорғау органдары

Қалам да қару бола алады



 

 

Жалға берілетін баспана иесі төсегінің астынан қалам-тапанша тауып алған. Кішкентай оқтары бар қаруды көрген әйел бірден полициямен хабарласыпты. Үй иесі барлығын пәтер жалдаушылардан көріп отыр. Қолдан жасалған тапанша қолдануға әбден жарайтұғын. Қарудан оқ атылғаны сараптама жұмыстарынсыз-ақ айқын көрініп тұр. Ерекше тапаншамен бірге гильзалар табылды. Мұндай қаруды полиция қызметкерлері соңғы бес жылда бірінші рет кездестіріп отыр. Мамандардың айтуынша, қалам бір-екі қолданыстан кейін істен шыққан көрінеді. Сондықтан тапанша иесі жарамсыз деп табылған қаруды лақтырып тастаған.

Сергей Погосский, СҚО ІІД баспасөз қызметінің қызметкері:
-Сараптама жұмыстарының нәтижесіне сәйкес қалам-тапанша оқпен атылатын қару екендігі дәлелденді.
Заңға сәйкес мұндай қару иесі 5 жылға бас бостандығынан айырылады. Әзірге күдіктіні іздестіру жұмыстарын жалғастырудамыз.

 
 Гүлмира Шоқтыбаева