Балалар

Қайырымдылық кеші

 

 

 

 
Василий Шандыбин балаларды Европада, соның ішінде Финляндия, Бельгия елдерінде кеңінен танымал әуенді шайдың қасиетімен таныстырды. Шай шебері ежелгі сусынның көмегімен 7 технология бойынша ем көрсетуге болатынын айтады. Мәселен, ыстық суға қайнатылған шөп музыка тыңдап отырып ішілсе, адамның ағзасына сіңімдірек болады екен. Осындай қасиеті бар сусынды ішу әсіресе бүгін жиналған  балақайларға пайдалы. Белгілі ғалыммен кездесуді ұйымдастыруға кәсіпкер әйелдер қауымдастығы мұрындық болыпты.

Бақытжан Сәмиева,  СҚО іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы:
Бүгінгі біздің кездесу балаларға арналған. Шай ішеміз. Шандыбин деген мырза келіп отыр. Балаларға арақ ішпесін, шай ішсін деп. Біз шайды ішкенде іштегі талант үлкейе түседі деп ойлаймыз.

Василий Шандыбин сусынның ерекше түрін емдік бағытта қолдану мәселесімен соңғы 10 жыл көлемінде айналысып келеді. Ғалым осы уақыттың ішінде шайдың 10 түрлі түсін ашқан.

Василий Шандыбин,  әуенді шай рәсімінің авторы:
-Ең алдымен бұл сусынның емдік қасиеті бар. Адамның денсаулығы мықты болса ғана оның жан дүниесі ішкі талантын аша бастайды.

Өсімдіктердің пайдалы тұстарын жан-жақты зерттеген ғалым кішкентай қонақтарын цейлондық қына сары “Шелтонымен” күтті. Қазақтың қою қара шайын ішіп өскен балдырғандар ерекше әдіспен дайындалған сусынның дәмін татты.

  
Нариман Ағзанов:
-Кәдімгі шайдан басқа. Дәмі ерекше. Сезімім басқаша.
Ерболат Әшімов:
-Шай маған ұнады. Иісі тәтті. Осындай шайдың дәмін бірінші рет көрдім.

Қайырымдылық шарасы аясында мектепке қажетті құрал- жабдықтар  тарту етілді.

Гүлден Сәрсенбаева