Спорт

Велоспортшылар біріншілігі

 
Новокаменка тас жолында сап түзеген спортшылар үшін бұл бар мүмкіндікті пайдаланып, күштерін сынайтын оңтайлы сәт. Кедергісіз ашық жол мен қолайлы ауа райы оларға дем бергендей. Жас ерекшеліктеріне қарай 3 топқа бөлінген 70- тен астам велошабандоздың әрбірі 10, 20 және 25 шақырымды   бағындыруы тиіс.

  Владимир Парахин, велоспорттан БЖСМ директоры:
үгін балалар арасында жекелей жарыс өтіп жатыр. Мұнда 13 және одан кіші жастағы балалар, 14-15 жасар және 16-дан жоғары жастағы бозбалалар іріктелген. Осы жарыс нәтижесіне сәйкес облыстық құрама жасақталады. Сонымен қатар алда Талдықорған және Тараз қалаларына барамыз.

13 жасар Кирилл Вяткин соңғы екі жылда қос доңғалақты арбаны серік еткен.  Бұл спорт түріне ден қойғанына көп болмаса да жас спортшы облыс бойынша өз тобындағы шабандоздардың ішінде алғашқы үштіктен ойып орын алған.

 Кирилл Вяткин, сайыскер:
-Мен бұл жарысқа 3 айдай үздіксіз дайындалдым. Бүгін бірінші болып келгім келеді. Сол үшін барымды саламын.

Бірақ  айналым қорытындысы бойынша Кирил  үздік нәтижеге жете алмай қалды.  Шабандоз мәре сызығын екінші болып кесті. Бірақ спортшы мойымай, алдағы жеңістеріне қол созуға дайын.

  Кирилл Вяткин,  сайыскер:
Мен болашақта Тур де Франц жарысына қатысуды армандаймын. Алғашқы үштіктен орын алсам деймін.

Сөйтіп, кіші топтағы сайыскерлердің көшін Богдан Гапотченко бастап келді. Ал Кирилдан кейінгі үшінші нәтижеге Арман Турлин қол жеткізді. Біріншіліктің екінші туры қыркүйектің 12-де өткізілмек.

 Кәусар Аяпбергенқызы