Құқық қорғау органдары

Көші-қон полициясы алимент төлемейтіндердің соңына түсті

 

 

 

 

 Қалалық 3-ші сот әкімшілігі бөлімінде алимент төлемей жүргендер мен борышкерлерді іздеу жөнінде 2,5 мыңнан астам акт жатыр. Ал жыл басынан бері ішкі істер органдарына тағы 478 сот ұйғарымы келіп түсіпті. Қазір полицейлер өз міндеттерін орындамай жүрген азаматтарды іздестіру үстінде. Алайда  борышкерлердің басым көпшілігі күндізгі уақытта үйлерінде болмайды. Ал кей жағдайда тұрғындардың бір мекен-жай бойынша тіркеуде тұрып, басқа жерді паналап жүргендігі анықталады. Соңғы уақытта азаматшалардың үстінен түсетін шағымдардың саны артып отыр. Мәселен 35 жастағы бір әйел сот шешімі бойынша балалар үйіндегі кәмелеттік жасқа толмаған екі баласына алимент төлеуге міндетті. Алайда ол жаупкершіліктен бас тартып, іздеуде жүрген.  Борышкерлер мен алимент төлемеушілердің тізімі облыстық газеттерде басылып тұрады. Сондықтан жұртқа масқара болғысы келмегендерге мемлекет пен балаларының алдындағы қарызды мерзімінде өтеген жөн-ақ.

 Жеңіс Ермұқанов