Жол картасы

Қуыршақ театрында жөндеу аяқталды

 

 

 

 

 10 жылға жуық жөндеу көрмеген 3 қабатты ескі ғимарат биыл қайта жаңғырды. Тозығы жеткен терезелерге ғана е 10 млн 576 мың теңге бөлінді. Қалалық мәдениет басқармасы өткізген тендерді «Петроbuilding» ЖШС ұтып алған болатын.

  Александр Дыбенко,  «Петроbuilding» құрылыс учаскесінің бастығы:
 -Қуыршақ театрындағы барлық терезелермен қатар 2 витражды ауыстырдық. Мұнда «Жол картасы» бойынша барлығы 16 адам жұмыс істеді. Олардың орташа жалақылары шамамен 30 мың теңгені құрады.

Терезелер заманауи құрылыс материалдарынан жасалған. Ал ғимарат ішіндегі әрлеу, түсқағаздарды ауыстыру сияқты ағымдағы жөндеуді «Авхадов» ЖШС жүргізген. Бұл мақсатқа барлығы 4 млн 747мың теңге жұмсалды.

  Сергей Орлов,  облыстық қуыршақ театрының директоры:
 – Мұнда дәліздер сырланып, жарық шамдары ауыстырылды. Барлық жұмыстар сапалы, тиянақты орындалды және уақытында аяқталды. Сол үшін оларға рақмет айтамыз.

Театрдың кішкентай қонақтары үшін үлкен зал әрленіп, әдемі кейіпке енсе, актерлар өздерінің  негізгі жұмыс орны сахнаға жұмсақ ковролан төселгеніне риза.

  Ольга Лабутина, облыстық қуыршақ театрының актері:
 -Біз демалыстан келіп, театрдың осындай жаңа қалпын көрген кезде өте қуандық. Сахнаға жұмсақ жабын төселіпті. Біз жұмыс барысында көп тізерлеп жүруге, сәкіде жатуға мәжбүр боламыз. Енді жұмысымыз жеңілденді.

Әрдайым бүлдіршіндердің сыңғырлаған күлкісімен жаңғырып тұратын мәдениет ошағы өзінің кезекті маусымын ашты. Балақайлар алғашқы спектакльді тамашалап та үлгерді.

 Кәусар  Аяпбергенқызы