Білім

Өзіңді өзің таны

 

 

 

 

 Өзін-өзі тану сабағы осыған дейін сынақ жүзінде облысымыздың алты білім ошағында оқытылған болатын. Солардың бірі – қаладағы №7 орта мектепте бұл пәнді оқушылар 2002 жылдан оқи бастаған. Оқу бағдарламасындағы жаңалық балаларға рухани-адамгершілік тәрбие беру үшін кіргізілді дейді ұстаздар.

  Елена Крупская,  № 7 орта мектеп директорының орынбасары:
  – Тәжірибенің басты мақсаты осы пәнді сынап, оның нәтижесін алу болып табылды. Сабақ қос тілде даярлық топтары, бастауыш  және орта сыныптарда жүргізілді. Ұстаздар арнайы курстық даярлықтан өтті.

Сынақ барысында мұғалімдер жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Шәкірттерге оқуға деген қызығушылық пайда болып, олар қоршаған ортаға қамқорлық таныта бастады. Енді биылғы оқу жылынан Өзін-өзі тану пәні еліміздің барлық мектептерінде оқытылатын болады.  8 жылдық сынақ барысында №7 орта мектептің ұстаздары көптеген сабақ жоспарлары мен әдістемелік құралдарын жасады. Осы уақыт аралығында аталған пәнді 550 -ден астам оқушы меңгерген. Ал қыркүйектің бірінен өзін-өзі тануға 1050 бала кіріседі.

Оқушылар:

 – Өзін-өзі тану сабағы адамгершілікке, отбасында тек мейірімді болуды және табиғатты қорғауға үйретеді.
– Бұл сабақта бізге не жеуге, не жемеуге, сондай-ақ тамақтанар алдында қол жуу қажеттігіне үйретеді. Әйтпесе, түрлі ауруларға шалдығуымыз мүмкін.
– Маған Өзін-өзі тану сабағы ұнайды.
Өйткені мұнда мектепте, үйде, далада өзіңді қалай ұстау керектігін үйретеді. Сондай-ақ, біз денсаулыққа не пайдалы, не зиян екенін де біле аламыз.

Өзін-өзі тану пәні мектепке дейінгі және жалпы білім беру мекемелерімен қоса гуманитарлық колледждер мен педагогикалық жоғары оқу орындарының бағдарламаларында да қарастырылған.

 Жасын Біркенов