Білім

Үкіметте білім беру саласының мәселелері қаралды

 

 Селекторлық кеңесте Білім министрлігінің өкілдері бағдарлама бойынша атқарылатын негізгі жұмыстармен таныстырды. Атап айтсақ, мектептер санын көбейту, балабақша мәселесін толық шешу, білім беру орындарындағы материалдық базаны жақсартукөзделген. Мұғалім кадрлардың біліктіліктерін арттыруға, жоғару оқу орындарынан шығатын мамандардың білім деңгейін көтеруге ерекше назар аударылып отыр. Мектепке келген мамандарды арнайы тексерістен өткізу жүйесін енгізу де ұсынылуда. Бағдарлама екі кезеңнен тұрады. Алғашқы үш жылға мемлекеттік бюджеттен 151 млрд. 159 млн. теңге, ал 2011 жылға 50 млрд. 627 млн. теңге бөлінеді. Бұдан кейін Премьер-Министр өңірлердегі мектептердің 2010-2011 оқу жылына дайындықтарын білді. Биыл бірінші сыныпқа 239 458 бала барды.  Бір жыл ішінде 60 мектеп жабылды. Білім министрлігі  мектептердің жабылуына бала санының аздығы немесе мүлде оқушы болмағандығы себеп екендігін айтады. Жыл соңына дейін 113 мектеп ғимараты салынуы керек. Бірінші қыркүйекте олардың 40-ы жұмысын бастады. Биыл апатты жағдайдағы мектептер саны 214-ке жеткен. Мектептердің 50 пайызында өрт дабылқаққышы жоқ. Кей облыстарда қысқы

 

отын жеткізілмеген. Ал біздің облыста бұл мәселе толық шешілген.

  Серік Біләлов, СҚО әкімі:

блыста 620 жалпы білім беретін мектеп бар. Оларда 11 600 мұғалім жұмыс істейді. Биыл 415 жас маман келді. Әлі де 105 мұғалім керек. Қатты және сұйық отын 100 пайыз жеткізілді. “Жол картасы” бағдарламасы бойынша 50 мектепте жөндеу жұмыстары жүргізілді.


Премьер-Министр бұл бағытта кемшіліктер анықталған облыстардың әкімдеріне келесі аптаға дейін жағдайды түзеуді тапсырды. Кеңестен соң  Серік Біләлов облыстық білім басқармасының бастығы Темірғали Әбілмәжінов пен аудан әкімдеріне мектептердің жағдайын кезекті рет тексеріп, тиісті шаралар қолдану керектігін айтты.
 

 

Әсем Сембина