Бизнес және экономика

Шетелдік шағын кәсіп иелеріне ашылған мүмкіндіктер

 

 

 

 

 

 Қазақстан экономикасының дамуы шағын және орта бизнестің өрлеуімен тығыз байланысты екені мәлім. Алайда түрлі себептермен олардың біразы өз қызметтерін тоқтатып жатады. Осы ретте жеке кәсіпкерлер өз қызметтерінің тоқтағандығы жайлы салық органдарын ескертуді  ұмытып кетеді. Кейін бұл үлкен шығынға әкеліп соқтырады.

  Сәуле Мүслімова ,  СҚО бойынша Салық департаменті басқармасының бастығы:
  – Жеке кәсіпкерлер жұмыс істемеген күнде де әлеуметтік салық төлеуге мәжбүрленеді. Сондықтан бизнесмендер ісін қайта жалғастыруға, не жаңасын ашуға келгенде, бес жылға айыппұл және өсімпұлмен салық төлейтін болады.
Кей жағдайда бұл 500 мыңға дейін барады.

Облысымызда мұндай фактілер аз емес. Келеңсіздіктерге тап болып, шығынға қалмас үшін салық органдарының қызметкерлері кәсіпкерлерге бизнесті мүлдем жаппай, уақытша тоқтатуды ұсынып отыр.

  Сәуле Мүсілімова,  СҚО бойынша Салық департаменті басқармасының бастығы:
  – Кәсіпкерлікті бес жылға дейін тоқтатуға болады. Бұл уақыт аралығында табысқа қарамастан, салық есептелмейді. Алайда бұл   мүлік, жер және көлікке деген салықтарға қатысты емес.

Тағы бір айта кететін жәйт, заңнамалық актілерде жеке кәсіпкерлікті өз аттарына тек еліміздің азаматтары мен оралмандар ғана тіркей алады делінген. Ал шетелдіктерге мұндай мүмкіндік берілмеген. Алайда жақында Қазақстан халықаралық келісімді бекітті. Құжатта мемлекетімізде тіркелген тұрғын үйлері бар Ресей , Қырғыстан және Белорусь азаматтары бизнеспен айналыса алады деп көрсетілген.

  Сәуле Мүслімова,  СҚО бойынша Салық департаменті басқармасының бастығы:
– Бұл келісімге сай
 аталған елдерде тұратын азаматтардың құқықлары бірдей. Өйткені халықаралық келісім-шарттың нормалары ішкі заңнамалардан басым түседі.

Жеке кәсіпкерлікті салық органдарында тіркеуге болады. Бұл қызметтің бағасы 3 мың теңгені құрайды.

 Жасын Біркенов