Білім

Облыста 7,5 мың бала мектеп табалдырығын аттады

 

 

 

 

 

 

  Петропавлда Алғашқы қоңырау мерекесіне 2 мыңнан астам оқушы қатысты. Облыс орталығындағы жетім және ата-ана қамқорынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернатта бүгінде 166 бала тәрбиеленуде. Жаз бойы сауықтыру лагерьлерінде демалған оқушылар қыркүйектің бірінде  қайтадан алтын ұя мектептеріне оралды.

 Самат Ескендіров,  СҚО әкімінің бірінші орынбасары:  

– Оқуларыңзды жақсы оқып, оған біз қуанайық. Қазақстанның үлкен азаматтары болыңдар деп тілек айтамыз.

Биыл   интернаттың 13 тәрбиеленушісі үшін аса жауапты жыл. Бір жылдан соң  олар мектептерімен қоштасып, жаңа өмірге қадам басады. Ал өткен оқу жылында қанат қаққан 14 түлектің барлығы оқуларын жалғастыруда.

  Ризабек Қапкенов, облыстық жетім  және ата-ана қамқорлыынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат директоры:

-6 бала университетке түсті. Қалғандары лицейлерде, колледжерде оқитын болады.

Тоғызыншы сыныптан кейін 31 оқушы кәсіби лицейлер мен колледждерге оқуға түсіпті. Биыл бірінші сыныпқа 5 бала аяқ басты. Алғашқы қоңырау мерекесіне олардың жаттап келген өлеңдері, әндері бар. Бұл күні үздік оқушылар мен ұстаздардың, тәрбиешілердің есімдері аталып, марапатталды. Ал демеушілер   оқушыларға өз сыйлықтарын тарту етті. Осындай мерекелік сәтте соғылған қоңырау жаңа оқу жылының басталғанын, аянбай еңбектенетін, білім нәрін сіңіретін кездің келгенін хабарлайды. Жазғы жөндеу жұмыстарынан кейін жаңарып қалған мектептің ішіне кіріп, бөлмелер мен сыныптарды араламақ болған оқушыларға тағы бір күтпеген сыйлық жасалды.  Жаңа оқу жылымен интернат тәрбиеленушілерін  эстрада әншілері Қайрат Түнтеков пен Айқын құттықтап, қуантты. Қазақстан ғана емес шетелдік сахналарға шығып жүрген әншілер де мектептерін сағынады екен.  

  Айқын:

ірінші сентябрьде балаларды құттықтағаныма қуаныштымын. Өзім бірінші қыркүйекті онша ұнатпайтынмын. Ерте тұру керек қой. Бірақ бүгінде сол сәтті сағынышпен еске аламын.

Оқу жылының көңілді мерекемен басталуы,  естелік суреттер мен қолтаңбалар сабақты жақсы оқуға серпін берері анық.

Әсем Сембина