Аптадағы маңызды жаңалықтар

Ақпараттық кеңістікте – 12 жыл



Бүгінгі таңда облыс пен қала халқына кеңінен танылып, өзіндік қолтаңбасын қалыптастырған муниципалдық телеарна осыдан тура 12 жыл бұрын алғаш рет эфирге шыққан болатын. Сол күннен бері 20 мың 630 сағаттық топтама Петропавлдағы әр шаңыраққа жол тапты. Бұл 12 жыл ішінде муниципиалдық телеарна ұжымын толықтырған журналист, оператор, монтажер сияқты 123 қызметкердің тынымсыз еңбегі мен үздіксіз ізденісінің жемісі.  Солтүстік Қазақстан өңіріндегі ешбір оқиғаны қалт жібермей, жұртшылықты уақытында құлағдар етіп отыратын арна ұжымын атаулы күнімен құттықтауға облыс әкімінің бірінші орынбасары Самат Ескендіров келді.

  Самат Ескендіров, облыс әкімінің бірінші орынбасары :
-Мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыруға қосқан үлесі үшін МТРК-ны облыс әкімінің атынан 12 жылдығымен құттықтаймын.

Шығармашылық ұжымды арна директоры да құттықтады.

Евгений Сазанов, муниципалдық телеарна  директоры:
 – Мұндай үлкен мерекені осындай үлкен ұжыммен атап өтіп отырғанымызға мен өте қуаныштымын. Муниципалдық телеарна ақпарат жеткізу жөнінен өңіріміздегі нөмірі бірінші арна. Алдағы уақытта да осындай жемісті жұмысымызды жалғастыра береміз деп ойлаймын. Барлық ұжымды шын жүректен құттықтаймын.

Өз көрерменін сапалы ақпаратпен қамтамасыз етіп отырған  арнада 88 адам қызмет етеді. Мереке күні олардың әрбірі облыс әкімінің Құрмет грамоталарына, Алғыс хаттарына, сыйақыларына және арна директоры Евгений Сазановтың алғысына ие болды.  Осындай қысқа мерзімнің ішінде муниципалдық арна сапалы, шынайы әрі жедел ақпарат орталығы ғана емес, жас мамандардың өсіп-жетілуіне мүмкіндік берген мектеп ретінде да танылды. Солардың бірі осы ошақта шеберлігін шыңдап, жаңалықтар топтамасымен  таныстырып жүрген әріптесіміз Нұрбек Нәбиев.

Нұрбек Нәбиев, диктор:
ен  МТРА-да істеп жүргеніме көп уақыт болған жоқ. Алайда осы арнада өз ісінің нағыз шеберлері істейтініне көзім жетті. Арнаға тілейтінім шығармашылық табыс және ұжымы жұмысын жемісті жалғастыра берсін.

Гүлден Сәрсенбаева,  тілші:
арты жыл ішінде көп нәрсе үйрендім, осы киелі шаңырақта ақпарат жасауды үйрендім, алғысым мол. Менің қуанышым шексіз, бүгінгі мереке құтты болсын, баршасына тілейтінім шығармашылық табыс , қаламдары мұқалмасын.

Жеңіс Ермұқанов,  тілші:
МТРА осымен 12 жыл бойы қала, облыс тұрғындарын сапалы жаңалықтармен қамтамасыз етіп келеді. Бұл арна жас журналистерге қаламын ұштайтын мектеп. Әріптестерімді бүгінгі ерекше күнмен құттықтаймын.

Облыстағы 70-ке жуық баспасөз құралының ішінде шоқтығы биік тұратын арнаның алдағы уақытқа белгілеген жоспарлары көп. Солардың бірі спутниктік байланыс арқылы хабар тарату аумағын кеңейтіп, облыстағы әр шаңыраққа жол табу.
 

 

 

Кәусар Аяпбергенқызы