Денсаулық сақтау

Балалар ауруханасындағы 1 қыркүйек күні

 

 

 

 

 

Денсаулықтарына байланысты оқу жылының алғашқы күнінде ауруханада жатқан балаларға “СевКазЭнерго” АҚ-ның ұжымы нағыз мереке ұйымдастырды. Бүлдіршіндерге қонаққа қуыршақ театрының әртістері келді. “Сарғылт кірпі” қойылымы балғындарды ерекше қызықтырды. Аталмыш кәсіпорын қызметкерлері балаларға тағы бір жағымды сыйлық жасап қуантты – аурухананың кішкентай емделушілеріне мектепке қажетті құрал-жабдықтар тарту етілді. Бұндай сыйлыққа жүзге тарта бала ие болды. Олардың қатарында Жәнібек Баймусин де бар. Биыл ол бірінші сыныпқа барады.

  Жәнібек Баймусин:

Маған бүгін сыйлық берді. Өте ұнады. Мектепке барғасын жақсы оқитын боламын.

Алтынгүл Жамашеваның қызы Айнұрмен ауруханада жатқанына екі апта болыпты. Сондықтан мектепке қажетті құрал-жабдықтар алып үлгерген жоқпыз дейді ол.

  Алтынгүл Жамашева:
 –Рақмет. Кішкене болсын көмек. Енді тек дәптер аламыз.

Ал мерекеге келе алмаған балаларға кәсіпорын қызметкерлері сыйлықтарды палаталарға барып тапсырды. Сайлау Зейноловтың бұл жерде емделіп жатқанына алты күн болыпты. Бүгін мектепке бара алмағанымен, сыйлық алғанына қуанып қалды.

  Сайлау Зейнолов:
 – Мектепке барғым келеді тезірек. Бүгін құрал-жабдықтар берді. Рақмет.

“СезКазЭнерго” кәсіпорнының сыйлықтарына жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар да ие болады.

  Алла Язовская,  “СевКазЭнерго” АҚ экономика және қаржы басқармасы төрағасының орынбасары:
Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернатқа 10 жылдан бері демеушілік көмек көрсетіп келеміз. Биыл мектеп-интернатқа жөндеу жұмыстарына жарты миллион теңге бөлдік. Бүгін бұл балалар да сыйлықтарға ие болады.

Енді “СевКазЭнерго” компаниясы қарттар күні қарсаңында аға толқын өкілдеріне арнап қайырымдылық шарасын өткізуді жоспарлап отыр.

 

 Айымгүл Әбілева