Мәдениет

Жұлдыздар неге сахнаға шықпады?

 

  
Сүйікті әншілерін бір сағат бойы күтіп, мерекелік көңіл-күйлері тарқай бастаған жұрттың реніші сахнаға «Домино» тобы шығысымен бірден сейілді. Олардың орындауындағы «Айым-ай», «Капелька яда» сияқты белгілі әндер, жұлдыздардың әдемі билері, көрермендердің көңілді жүздері бұл кештің ең мерекелік сәті болды. Жас жұлдыздар да петропавлдық жұртшылықтың ерекше қошеметіне риза болды.

  Шолпан, «Домино» тобының солисі:
 -Көрермендер өте жақсы қабыл алды. Өздеріңіз көріп тұрсыз,  біз шыға салысымен айғайлап, бірге өлең айтты. Жоспарымыз тағы екі альбом жазу, клип түсіру. Барлық Петропавл тұрғындарына тілейтініміз бақыт, жақсылық, аман болыңыздар.

«Домино» тобы бұл жолы сахнада көрінген алғашқы және соңғы орындаушылар болды.  Уәде етілген Айқын, Қайрат Түнтеков сияқты әншілер белгісіз себептермен көліктен шықпай кері қайтыпты. Әрине жерлестеріміздің  өкпелері  қара қазандай.

 Көрермендер:

 

 -Екі мыңнан бір кісіден жинады, енді қашан келеді артистер.
 –
Концерт бола  ма, болмай   ма, келе ме, келмей ме олар.
 – 20 минуттық концерт  2000 теңге, ұйымдастырушыларға «рақмет».
 -Не үшін ақша төледік, мұндай бассыздыққа кім жауапты?

 

Алайда арты дауға ұласқан кештен жақсы әсер алып қайтқандар да жоқ емес. Қазақстандық шоу бизнес жұлдыздарын жиі көріп-тыңдай бермейтін петропавлдықтар  сірә осыны да қанағат тұтқан болар.

 Көрермендер:

– Ән айтқандары жақсы болды, маған ұнады.
– «Домино» өте ұнады. Қалғандары кетіп қалды ғой.
 – Концерт  тамаша

Бұл кеште халықтың  сансыз сауалдарына нақты жауап  берілген жоқ. Ұйымдастырушылар техникалық ақау болды деп қысқа қайырды. Петропавлдықтардың 1 сағат бойы күткен концерттері 20 минутқа ғана созылғаны, әрине, өкінішті.  

 

 

Кәусар Аяпбергенқызы

 

 

Жұлдыздар концерті Білім күніне ауыстырылыпты

 

 Конституция мерекесіне орай «Авангард» стадионында өткен концерттің сәтсіз аяқталу себебі  келесі күні белгілі болды. Кешті ұйымдастырушыларының бірі «КЕN INTERTAINMENT» продюсерлік орталығының директоры Ержан Қабдуллин республикалық және облыстық баспасөз өкілдеріне арналған  баспасөз мәслихатында  мәселенің мән-жайын түсіндірді. Енді петропавлдықтарды Ата заң күнімен құттықтай алмаған Айқын, Қайрат Түнтеков сынды жас жұлдыздар қалалықтарды Білім күнінде қуантатын болады. Концерт кешкі сағат 19-да орталық алаңда өтеді, кіру тегін

  Ержан Қабдуллин, «КЕN INTERTAINMENT» продюсерлік орталығының директоры:
 – Бұл мәселені әлі шешіп жатырмыз. Өзімнің атымнан информациялық жәрдем жасадым, үлесімді тигіздім. Басқа ұйымдастырушылардың шешілмеген мәселелерімен концертті келесі күнге қоюға мәжбүр болдық. Ең бастысы біздің халық алдында бетіміз ашық. Сондықтан халықтың алдында міндетімізді атқарып кетейін деп жатырмыз .