Спорт

Велоспорттан облыс чемпионаты мәресіне жетті

 

 

 

 

 Чемпионаттың төртінші күні барлық велоспортшылар үшін өте маңызды болды. Өйткені қатысушылар соңғы жарыс күні бар мүмкіндіктерін көрсетіп қалулары керек. Он үш жасар Александр Овсянников үш күн бойы дүбірлі додада мәре сызығын бірінші болып кесті. Жас велошабандоз ақтық сайыста да өзінің шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдемек.

Александр Овсянников,  велошабандоз:
– Үш күн бойы бірінші болып келгеніме қуаныштымын. Жарыс мен үшін қиынға түсті. Қарсыластарымның барлығы да мықты. Алайда мен бар күшімді салмақпын.

Жарыстың басталуына санаулы минуттар қалды. 16 жасар Әлібек Құдабаев велоспортпен 3 жыл айналысса да, қобалжып тұр. Алғашқы кезеңде ол 6 орынды еншілеген. Қарсыластарым  – тәжірибелі велошабандоздар, Сондықтан бар күшімді салуға тура келеді, дейді ол.

  Әлібек Құдабаев, велошабандоз:
Бүгінгі жарыс қиын болады. Жол өте қиын. Барынша өз шеберлігімді көрсетуге тырысамын. Қарсыластарыма сәттілік тілеймін.

Спортшылардан шыдамдылық пен төзімділікті талап ететін жарыс шынымен оңайға түскен жоқ. Қатысушылардың біразы сайыста сүрінбей қоймады. Жалпы көпкүндік додаға 82 велошабандоз  қатысты.

Владимир Ширкалов,  велоспорттан ОРБЖСМ жаттықтырушысы:
– Біз келесі жылға облыс құрамасына кіші және үлкен топтағы спортшыларды іріктеп жүрміз. Олар Тараз, Шымкент және Қызылорда қалаларында өз шеберліктерін көрсететін болады.

Көпкүндік сайыстың қорытындысы бойынша бірінші орынды кіші топта Александр Овсянников, ал ересектер арасында Бахтияр Қожаев еншіледі. Жеңімпаздар дипломдар және  бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 Жасын Біркенов