Қылмыс

Телефон ұрлап тұтылды

 

 

 

 
Сезікті күндізгі сағат 12-лер шамасында “Еуразиялық” базарындағы телефон жөндейтін орындардың біріне кірген. Сол кезде қызмет көрсету орнына 56 жастағы  қала тұрғыны да жүгініп, байланыс құралын жөндетпекші болады. Алайда жапа шегуші, телефонын іске қосудың орнына одан көз жазып қалады.

 Сатушы:

-Ер адам кіріп келісімен пышағын алып шығып, онымен ойнай бастады, біз одан қорқып сыртқа шығып кеттік. Сол кезде ол ақша әкел деп айғай салып, телефонын жөндеуге әкелген кісінің затын тартып алды.

Сол мезетте күдіктіні криминалдық полиция басқармасының бөлім бастығы Данияр Қасымов байқап қалған. Күдікті  бірден олжасын арзан бағамен жақын маңдағы саудагерлерге өткізуге кіріскен екен. Бірнеше сұрақ қойғаннан кейін полиция капитаны ер адамның іздеуде жүрген қылмыскер екендігін түсініп, күдіктінің қолына кісен тағады.

 Сатушы:

-Келіп арзан бағаға ұялы телефон сатып алуды ұсынды. Мен құжаттары, зарядкасы бар ма деп едім, үйде екенін айтты. Сол кезде тәртіп сақшысы келді.

Қолға түскен күдікті бұрын ұрлық үшін сотталған екен. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 175- бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта ұрланған заттар тәркіленіп, күдікті қолхатпен босатылды.
 

Кәусар Аяпбергенқызы