Ауыл шаруашылығы

Облыс әкімінің Тимирязев ауданына жұмыс сапары

 

 

 

 

Облыс әкімі  шаруа қожалықтарында  жүріп жатқан  науқандық шаруалардың барысына қанығып, аграрийлердің жағдайын білді.  “Мадюк” шаруа қожалығы   облыс әкімінің Тимирязев ауданына жұмыс сапарындағы алғашқы нысан болды. Биыл мұнда 300 мың гектардай  алқапта дәнді дақылдар  өсіріліпті. Гектар шығымдылығы 7 центнерден. Бұл басқа жылдармен салыстырғанда төмен, оның себебі – биылғы қуаңшылық.   Серік Біләлов орақ қарқынын арттыру қажеттігін атап көрсетті. Агарийлермен әңгіме барысында алдағы қысқа әзірлік жайы да сөз болды.  Шаруалардың айтуынша, мұндағылар қысқа әзір, қазіргі басты міндет –  астық жинау.  Облыс әкімі барған келесі шаруашылық  – «Ной Север» ЖШС .  Оның басшысы Даниэль Вартаньян биыл егіс алқабын кеңейтіпті. Бидаймен қатар шаруашылық 200 гектардан  арпа және майлы дақылдар сеуіпті. Мұнда да орақ қызу жүріп жатыр. Қолда бар техника толық алқаптарда жұмыс істеуде.  Алайда технологияның сақталғанына қарамастан астық шығымы шамалы.  Ал “Қаз Астық Онімдері” ЖШС жағдай мүлде басқаша болып шықты. Мұндағылар әр гектардан 19 центнерден астық бастыруда. «Саяғаш» шаруа қожалығының жұмысын да облыс әкімі жоғары бағалады.  Мұнда дәнді дақылдар  аз уақытта жинап алынған.  Алқаптарда жұмыс қарқынын арттырып, астықты ысырапсыз  қамбаға құю  керек – бұл облыс әкімнің Тимирязев ауданы ауыл шаруашылығы товар өндірушілеріне  берген тапсырмасы.