Спорт

Аулалық клубтар арасындағы футбол жарысы

 

 

 

 

 “Мяч” жастар қоғамдық бірлестігінің дәстүрлі турнирі футболсүйер жасөспірімдер үшін бос уақыттарында допты ермек қылу ғана емес. Қызығушылықтары бір жерден шыққан жастар қызу бәсекеде тартысып жүр. Әр жексенбіде алаңда 35 құрамаға дейін жиналады. Алдыңғы жылдары сайысқа қатысушы командалардың саны 10-н әзер асып жығылатын. Бұл жолы командалар жас ерекшеліктеріне қарай үш топқа іріктелді.

  Анатолий Скатов, бас төреші:
Бізде негізінен аулалық құрамалар. Әр жарыс сайын бәсеке күшейіп барады. Шеберліктері де жаман емес. Кейбір балалардың ойыны тәп-тәуір көз қуантады.

“Локомотив” командасының жас аяқ доп шеберлері алдыңғы үш турды жеңіліссіз өткізді. Бұл жолы да топ бастаған еді, екінші лектегі жеңімпаз “Вокзал” құрамасы олардың  жеңісті жолдарын кесіп тастады. Жақсы ойын үлгісімен “Москва” футбол командасы танылды. 1/4-ші финалда құрама жарыстың фавориттері саналатын “Кристалдың” әуесқойларымен кездесті.

  Николай Москвин,  «Москва» аулалық клубының ойыншысы:
утбол ойнауға келдік. Бұрындары жақсылап әуестеніп күнде жаттығатынбыз. Бұл ойыннан мол әсер алдым. Әрине, жарыс болғандықтан жеңістен дәмеліміз.

Бұл аулалық клуб турнир кестесінде аутсайдерлердің қатарында. Десе де азулы қарсыласына қарымта шабуылдармен жауап қайтарып, жақсы қарсылық таныта білді. Бірақ  шеберлік басым түсіп, “Москваның” ойыншылары 2-3 есебімен жеңілді.  Ал «Кристаллдың» жігіттері алған бағыттарынан қайтпай, финалдық кездесуді де өз пайдаларына шешті.

 Жеңіс Ермұқанов