Әр түрлі

Конституция күні “Жеңіс” саябағында ерекше аталып өтті

 

 

 

Алғашқы байқау сурет салудан өтті. Нағыз суретші болмаса да балдырғандар тәуелсіздігіміздің нышаны – Конституция күнін қиялдарына ырық бере отырып салды. Айтулы мереке күні спорттық шаралар да назардан тыс қалмады. мереке қарсаңында басталған баскетбол, футбол , волейбол турнирлері де «Жеңіс» саябағында қорытындыланды. Отбасылар арасындағы «Папа, мама және мен» спорттық жарысы халықтың көңілін көтере түсті. Балалар мен жасөспірімдер клубының 6 құрамасы қатысқан додада сайыскерлер спорттық дайындықтарын жан-жақты паш етті.

  Светлана Магавина, «Ровесник» балалар мен жасөспірімдер клубының командасы:
 -Біздің жарысқа қатысудағы басты мақсатымыз салауатты өмір салтын насихаттау. Екіншіден, осындай мерекелер арқылы балаларымызға еліміздің ұстанымдарын көрсеткіміз келеді. Яғни, жастар өздерінің құқықтарын білсе дейміз.  


Жүздеген жылдар бойы  қалыптасқан ұлттық және жалпыадамзаттық  құндылықтарды бойына сіңірген Атазаңымыз еліміздегі сан алуан  әлеуметтік, діни, ұлттық, азаматтық ұжымдар мен топтардың бірлесіп бейбіт өмір сүруін қамтамасыз ететінін ересектер де, өскелең ұрпақ та жақсы түсінеді.

 Мерекеге қатысушылар:

-Біздің Конституция еліміздің бірлігінің кепілі. Мен бұл мерекенің халық арасында тойлануы дұрыс деп ойлаймын.
 – Бейбіт өмір береді. Жұмысымыз бар. Тыныштықта өмір сүріп жатырмыз.
 – Бізге оқушы ретінде конституцияның маңызы зор. Онда білім алуға, тепе-тең өмір сүруге деген барлық құқықтарымыз белгіленген.

 
Гүлден Сәрсенбаева