Мерекелік марапаттау

Қоғам

17:29 28 Тамыз 2010

Тамыздың 30-ы еңсесі биік, босағасы берік егеменді еліміздің шежіресіндегі ерекше күндердің бірі. Ата заңымыз қабылданғалы мемлекеттің болашақ стратегиясы анықталып, құқықтық азаматтық қоғам қалыптасты. Конституция тәуелсіз елімізді алға жетеледі. Ата заңымыздың мерейтойына орай  қалалық әкімдікте салтанатты жиналыс өтті.

 Нұржан Әшімбетов, Петропавл қаласының әкімі:
 – Заңды басшылыққа ала отыра, біз әлеуметтік- экономикалық  дамудың маңызды бағыттарында оң өзгерістерге қол жеткіздік. Бірқатар инновациялық және әлеуметтік жобалар, «Жол картасы», құқық қорғау жүйесі, білім және денсаулық сақтау салаларының реформасы іске асырылуда.

Мерейтой қарсаңында облысымыздың дамуына сүбелі үлес қосқан бірқатар азамат қала әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Ерекше құрметке бөленгендердің арасында Зәуре Рахымжанова да бар. Жоғары білікті   ұстаз 9 жыл бойы «Салтанат» балабақшасының кішкентай тәрбиеленушілерін отансүйгіштікке тәрбиелеп жүр. Зәуре Зейноллақызы ел ертеңі білімді де жігерлі жастардың бойына патриоттық сезімді бесіктен сіңіру керек дейді.

 Зәуре Рахымжанова,  “Салтанат” балабақшасының тәрбиешісі:
 – Тәрбие отбасынан басталады дейді, ал Отанды сүйетін   бүлдіршіндерді біз осы балабақшада тәрбиелейміз. Ең бастысы біз оларды қазақтың тіліне үйретеміз. Қазақтың ұлттық әдебиеті, өнерімен таныстырып, ұлт дәстүрлерін үйретеміз.

Сондай-ақ жиында архитектура бөлімінің бастығы қызметіне тағайындалған Василий Стихин мен сол бөлімнің бас маманы Андрей Попов салтанатты түрде мемлекеттік қызметшілердің антын берді.
 

Жеңіс Ермұқанов

Бұдан әрі оқыңыз

Явленкадағы оң өзгерістер
“Үйіміз сүрілмей қала ма?” деп алаңдап отырған жанұя
Петропавлда ағаштарды заңсыз кесу фактісі тіркелді
Қыркүйектің 2-ші жексенбісі – Отбасы күні
Партияішілік іріктеудің бірінші кезеңі аяқталды
Облыстық кітапхана жаңа кітаптармен толықты
Қыркүйектің соңғы жексенбісі – Еңбек күні
СҚО-да “Бастау” жобасының соңғы легі бастау алды
Тілдер мерекесі қарсаңында жергілікті мамандар жиын өткізді
Жолдауға арналған көрме
СҚО-да аң аулау маусымы жүріп жатыр
СҚО-да 3,5 мыңға жуық жетім баспана кезегінде тұр