Билік

Мемлекеттік қызметшілер ант қабылдады

Салтанатты шара ҚР әнұранымен ашылды.

  Серік Біләлов, СҚО әкімі:
-Құрметті әріптестер, “Мемлекеттік қызмет туралы” ҚР Заңына сәйкес барлық мемлекеттік қызметшілер ант беруге міндетті. Бүгін  мемлекеттік мереке – ҚР Конституциясы күні қарсаңында ант беру рәсіміне кірісейік.

Ел игілігі жолында аянбай еңбектеніп, халқына адал қызмет етуге  Есіл ауданының әкімі Асқар Бегманов, Айыртау ауданының әкімі  Қадырбай Тоқтасын мен облыстық табиғат ресурстары және табиғат  пайдалануды реттеу басқармасының бастығы Досмұрат Ақанов ант етті.

  Асқар Бегманов,  Есіл ауданының әкімі:
 -ҚР халқы мен Президенті алдында өз Отаным – ҚР экономикалық және рухани дамыту ісіне барша күш-жігерім мен білімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс-әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық және ұлтаралық татулық қағидаларын ұстануға ант беремін, ант етемін!

Өңір басшысы Серік Біләлов мемлекеттік қызметшілерді ант қабылдауымен құттықтап, әрбірінің алдында тұрған маңызды міндеттерді атап өтті. Салтанатты шара аяқталған соң мемлекеттік қызметшілер облыс әкімімен естелікке фотосуретке түсті.

 Жасын Біркенов