Құқық қорғау органдары

Құқық қорғау органдарын реформалау

 

 

 

 Елбасы ел хал­қына арнаған биылғы Жолдауында құ­қық қорғау жүйесін жаңғырту міндетін қой­ған­ болатын. Жаңа жүйе жоғары халықаралық талаптарға сай келуі тиіс. Осыған орай құқық қорғау жүйесін реформалау жөніндегі мем­ле­кеттік комиссия құ­рылды. Құрылымдардың жұмысына қызметтік талдау жа­салып, проблемалар мен олқы­лықтар анықталды. Әлем­дік тәжірибе кеңінен зерттелді.

  Серік Біләлов,  СҚО әкімі:
 – Елбасы қылмыспен күресуге қатысты мәселелерге үлкен мән береді. Құқық қорғау органдарын реформалау биылғы Жолдауда айтылды. Осыған орай Президент тамыздың он жетісі бұл жүйені түпкілікті жаңғыртуға бағытталған Жарлыққа қол қойды. Реформа құқық қорғау органдары жұмысының тиімділігін арттыруға серпін беретіні даусыз.  

Реформа алдымен құқық қорғау органдарының құзыретін айқындау мен оларды жанама қызмет­тер­ден босатуға бағытталған. Осыған орай бірқатар өкілеттіктер өзге ведомстволарға берілмек. Мәселен, медици­на­лық айықтырғыштар енді ден­­сау­лық сақтау министр­лі­гіне қарайтын болады. Облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Анатолий Дермановский бүгінде бұл мәселе шешіліп жатқанын айтты. Ал кә­ме­летке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейім­деу және оңалту орталықтары   білім және ғы­лым министр­лі­гіне, көлік құрал­да­рын тех­никалық тексеруге қатысты өкілеттіктер Көлік және коммуникация министрлігінің қарауына өтеді.

  Анатолий Дермановский, СҚО ІІД бастығының орынбасары:
– ІІМ-нің күзет қыз­меті сала­сын­дағы өкілеттігі, айрықша маңызды стратегиялық ны­сандарды есепке алмағанда, бәсекелестік ортаға беріледі. Ішкі істер ми­нистрлігі әкімшілік тұт­қын­­дауды атқару жөніндегі қызметті кезең-кезеңмен Әді­лет министрлігіне өт­кі­зеді. Осылайша ішкі істер орган­дары оларға тән емес қыз­мет­терді атқарудан босатылады.

Құқық қорғау ре­фор­ма­сының басқа бір ма­ңызды ба­ғыты құқық қорғау органдарының аппараттарын оңтайландыру бо­лып табы­ла­ды. Орталық және облыстық буындағы басқару аппарат­та­рын қысқарту есебінен құқық қорғау органдарының қала­лық және аудандық бөлім­шелерін нығайтқан жөн.
Реформадан жергілікті атқару органдары да тыс қалмайды. Оларға құқық бұзу­шылықтың алдын алуға байланысты шараларға ерекше көңіл бөлу жүктеледі. Құқық қорғау жүйесін жаңғырту – берік құқықтық мемлекет құруға бағытталған. Бұның бәрі халықтың құқық қорғау органдарына, сөйтіп тұтастай би­лікке деген сенімін арттыруға мүмкіндік береді

Айымгүл Әбілева