Спорт

Сарбаздар сайысы

 

 

 
Дүбірлі додаға жеті құрылымның әскери қызметкерлері жиылды. Барлығы сайысқа 40-тан  астам әскери спортшы қатысуда.  Әскерилер арасындағы біріншілік ҚР ІІМ ІӘ спартакиадасы аясында 8 -інші жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді. Үшсайыста қатысушылар тосқауылдардан өтіп, 600 граммдық гранатты лақтырады және қарудан  атып,  мергендіктерін сынайды. Ал жеңіл атлетикалық кросста әскерилер алыс қашықтықты бағындырады.

Бауыржан Досжанов, ҚР ІІМ ІӘ Әскери институты дене шынықтыру және спорт кафедрасының бастығы:
-Сайыстың мақсаты – жас әскерилерді бұқаралық спортқа тарту, әскери спорт түрлерін жетілдіру, Елбасы жолдауында қойылған тапсырмаларды орындау.

Жарыстың негізгі кезеңдері екінші күні басталады. Әзірше сайысқа қатысушылар жаттығып жатыр. Былтырғы біріншіліктің қорытындысы бойынша көшті Өскемен мен Петропавл бригадалары бастаған.  

Ерлан Байымбетов,  қатысушы, Алматы қаласы:
– Барлығының дайындықтары жақсы. Жоғары деңгейде. Сондықтан бар күшімізді салуға тура келеді.

Республикалық біріншіліктің қорытындысы тамыздың 28 -і белгілі болмақ.

 Жасын Біркенов