Балалар

“Мектепке сәтті жол”



 

  “Эра милосердия” қоғамдық бірлестігі қайырымдылық жұмыстарымен екі жарым жылдан бері айналысып жүр. Ұйымда тұрмыстары төмен және көпбалалы 70 отбасы тіркелген. Жаңа оқу жылы қарсаңында бірлестік мүшелері “Мектепке сәтті жол” шарасын ұйымдастырып, оқуға қажет құрал-жабдықтар мен тәтті-дәмділер таратты.

  Галина Калинкина, “Эра милосердия” ҚБ президенті:
 -Қайырымдылық күндерін әрдайым өткізіп тұрамыз. Бізді барлығы біледі. Осындай шаралар өткізу үшін қала тұрғындары көмектерін аямайды.
Бүгінгі шараға 30-ға жуық мекеме демеушілік көрсетті.  

Балдырғандар ең алдымен дастарқанға шақырылды. Кеш барысында балалар өздерін мектепке даярлап жатқан ересектер үшін ән салса, кешті ұйымдастыруға қолғабыс жасағандар кішкентай қонақтарға игі тілектерін жолдады. Думанның соңында балғындарға сыйлықтар таратылды.
 

Асқар Ибраев:
-Оқу құралдарын бергені үшін рақмет. Олардың маған мектепте пайдасы тиеді.

6 баланың анасы Айман Ибраева үшін бірлестіктің көмегі ерекше сезіледі.

  Айман Ибраева, көпбалалы ана:
 – 2 жылдан бері бізге көмек беруде. Классикалық гимназиядан да жиі көмек тиіп тұрады. Балаларымыз оқып жатыр. Киім-кешектер берді.

Ұйымдастырушылар “Мектепке сәтті жол” акциясын оқу жылы басталғанша жүргізбекші.

 

Гүлден Сәрсенбаева