Қылмыс

Қарақшылық шабуыл

 

 

 

 

 

Белгісіз екі адам сатушының қол-аяғын байлап, 47 қаракүзен және 5 қырқылған құндыз тондарды олжалаған. Кассадағы 200 мың теңгені де ала кеткен. Дүкенге келтірілген жалпы шығын 20 млн теңге шамасында. Арам ниеттерін іске асырған қарақшылар «Глобус» дүкеніне қарай қашқан. Олар шыға салысымен сатушы дабылқаққышты басып үлгерген. Оқиға орнына жеткен жедел тергеу тобы дүкен маңын толық тексеріп, куәгерлердің көмегімен шабуылшылардың фотороботтарын жасады. Қазір қылмыскерлерге іздеу жарияланды. Олардың бірі 28 бен 35 жас аралығындағы орта бойлы, арықша келген еуропалық нәсілді ер адам, екіншісі – орта денелі, 40 жас шамасындағы еуропалық нәсілді ер адам. Тәртіп сақшылары күдіктілерді көрген тұрғындарға 39-41-74, 49-36-85 немесе 102 телефондары бойынша хабарласуды сұрайды.

 
Кәусар Аяпбергенқызы