Қоғам

Ата Заң – бейбітшілік пен келісім тірегі

  

1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы бүгінге дейін адамзат дамуының ғаламдық үрдісіне сай  қазіргі заманғы демократиялық құндылықтарды толық бекітті. Биыл Қазақстан халқын бастаған маңызды құжатқа  15 жыл толып отыр. Тарих қойнауынан нәр алып, халқымызды жарқын болашаққа бастап келе жатқан Ата заңды білу, оған бағынып өмір сүру, сайып келгенде оны қадір тұту әр азаматтың міндеті.

Таңат Сүгірбаев, «Асыл мұра» орталығының жетекшісі:
-Тәуелсіздік алғаннан кейін біз алғашқы Конституцияны қабылдадық. Бірақ оның ғұмыры қысқа болды. Себебі бір кезде біздің саяси-экономикалық серпінге сай келмеді. Сондықтан 1995 жылы жаңа Конституция қабылданды
.  

Қазақстан Конституциясының 15 жылдығына орай қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйғарымымен өткізілген жиынға «Нұр Отан» ХДП-ның, Қазақстан халқы Ассамблеясының қоластындағы бірлестіктердің өкілдері қатысты. 15 жылдың ішінде Конституциямызға бірнеше рет өзгертулер енгізілді. Толықтырулар – зайырлы мемлекетіміздің басқа елдермен терезесі теңесіп, аяғына нық тұруға жасалған қадамдар болды. Бұл құжаттың маңызы бүгінгі ел тынысында көрінісін беріп отыр.

  Таңат Сүгірбаев, «Асыл мұра» орталығының жетекшісі:
 – Бәрі де Қазақстан халқына, соның құқығын қорғауға арналған. Біз өзіміздің Конституцияны қолдаймыз, құптаймыз. Сондықтан да болар бүгін сол 15 жылдыққа үлкен дайындық жүріп жатқаны.

 Кәусар Аяпбергенқызы