Жол сақшылары рейдке шықты

Құқық қорғау органдары

2:57 24 Тамыз 2010

 

 Мына автобустың жүргізушісі белгіленбеген жерде тоқтап, қатынап жүрген өзге көліктерге кедергі жасап, жолдың қақ ортасында тұрып алған. Апатты жағдай тудырғанын елемеген жүргізушінің мақсаты – көбірек адам жинау, ал жолаушылардың қауіпсіздігінде мүлдем жұмысы жоқ. Рейд барысында бұндай келеңсіздіктер аз болған жоқ. Қоғамдық көліктің рөліндегілер бағыт бойында орташа есеппен 3-5 –ке дейін жол ережесін бұзады екен. Қателіктерін мойындаудан бас тартқандарға бейнекамералар түсірген таспа көрсетіліп, хаттама толтырылады. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары жиілеп, жауапкершілік артқанымен,  тәртіпке бағынбайтын жүргізушілердің қатары азаяр емес.

 Чингиз Курбанов, СҚО ІІД ЖПБ бас маманы:

– Өткізілген рейдтік шаралардың 4 күні ішінде жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын 128 көлік тексеріліп, жолда жүру ережесін бұзудың 39 фактісі анықталды.

Бұндай фактілердің жолын кесуге бағытталған алдын алу шарасы апта сайын ұйымдастырылатын болады.
 

Жеңіс Ермұқанов

Бұдан әрі оқыңыз

Облыстық полиция департаментінің музейіне – 30 жыл
Ақжар ауданында қарақшылық шабуыл жасағандар іздестіріліп жатыр
Петропавл-Жезқазған трассасында жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысты
Петропавлда бәз біреу мектеп ішіне ұрлыққа түсті
Дөңгелектің маусымдық тысын ауыстырмағандар айыппұл төлейді
Заңды бұзған шетелдік нөмірі бар көлік иелері анықталып, жауапқа тартылады
Қалалық қоғамдық кеңесінің отырысы
Петропавлда супермаркеттегі сақтау камерасынан сөмке ұрланды
Оңай жолмен табыс табамын дегендер ұсталды
Нашақорлыққа қарсы күрес шаралары
Тұрғылықты мекені жоқ жандар арнайы мекемеге жеткізілуде
Нашақорлыққа қарсы күрес шаралары